Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес, кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады. Бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір әйелдердің (тұл ер адамдардың) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000094