Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес есептік нөмір беру талап етілмейтін негізгі 6 тармақ бар:
1) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізген кезде;
2) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк шетелдік банктердегі өзінің металл шоттарына орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;
3) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдарды әкелген кезде;
4) төлем Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары немесе Қазақстан Республикасының кепілдігімен қамтамасыз етілген сыртқы қарыздар есебінен жүргізілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар;
5) мемлекеттік органдардың бөлімшелері (ведомстволары) арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары жасаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар;
6) уәкілетті банк және резидент-өзге де қаржы ұйымдарының қызмет көрсетуді көздейтін бейрезиденттермен жасасқан экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар.