"Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушы, уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшелері) немесе репатриаци талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен келіп түсетін валюталық бақылаудың өзге де органдары ұсынатын ақпараттар және (немесе) валюталық шарт бойынша құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, көрсетілген қызметтердің актілері, шот-фактуралар, іс жүзінде берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін инвойстар, тауарларға арналған декларациялар, жанама салықтарды төлеу немесе қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босату туралы растамасы бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, жанама салықтарды төлеу (босату не төлеудің өзге тәртібі) фактісін растау туралы хабарламалар, шетелдік банкте ашылған шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың талаптарына сәйкес салыстыру актілері валюталық бақылау құжаттары болып табылады.