1. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
2. Адамдардың (отбасылардың) атаулы әлеуметтік көмекке шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган статистика саласындағы мемлекеттік орган есептейтін халықтың орташа табысы негізінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты пайыздық мәнде халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен айқындайды.
4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшері негізінде есептейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) кедейлік шегіне - тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар;
2) Республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесіне – жыл сайын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган.