Мүгедектік тобын белгілеу мәселесі бойынша қайда жүгіну керек?
«Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі — МӘС) жүргізуге негіздеме организм функцияларының тұрақты бұзылуы кезінде алғашқы куәландыру мақсатымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жіберген жолдама болып табылады». (0/31 У нысаны) Мүгедектікті белгілеу үшін МӘС-ке жолдау мәселесін емдеуші дәрігер және тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық төрағасы шешеді. Көрсетілімдер болған кезде әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.