Тікелей кезекті күтпеу үшін электронды кезек жүйесі арқылы медициналық-әлеуметтік сараптамаға қалай жазылуға болады?
Мемлекеттік қызметті күндізгі форматта алу кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі Әлеуметтік қызметтер порталы — aleumet.egov.kz арқылы жүзеге асырылады: 1.Порталға авторизациядан өткеннен кейін, қызмет алушының профиліндегі басты беттен «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қабылдауға жазылу» бөліміне өту қажет. 2.Одан кейін жазылу терезесі ашылады, ЖСН енгізу өрісіне пациенттің ЖСН-і енгізіледі. «Даталарды алу» батырмасын басу қажет. 3.Пациенттің тіркелген мекенжайы мен өңіріне сәйкес жүйе Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті бөлімшесін және оның мекенжайын автоматты түрде көрсетеді. Пайдаланушыға келу күні мен уақытының қолжетімді нұсқалары ұсынылады. Пациент ұсынылған уақыттардың ішінен өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Таңдау жасалғаннан кейін «Жазылу» батырмасын басып, ЭЦҚ кілті арқылы қол қою қажет. 4.Жасалған барлық жазбаларды Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жазылу тарихы бөлімінен көруге болады. Электрондық кезекте тұрған қызмет алушыларға қызмет көрсету күніне үш күн қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Білу маңызды! Қызмет алушы жазылуды порталдағы «жеке кабинет» арқылы өзі жоя алады. Жазылу жойылған жағдайда қызмет алушыға SMS-хабарлама жіберіледі. № 031/у нысаны бойынша бір қызметке бірнеше рет жазылудың алдын алу мақсатында, Медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрондық кезекке қайта жазылу порталдағы алдыңғы жазба жойылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Қызмет алушы белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, электрондық кезектегі жазба автоматты түрде жойылады.