Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына сәйкес «Атамекен» ҰКП тізіліміне енген жұмыс берушілердің өтінімі бойынша білім беру ұйымында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту оқытылады. Оқытуды ұйымдастыру үшін
skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасы (бұдан әрі – платформа) жұмыс істейді.
Кімдер қатыса алады?
Кәсіптік оқыту мансап орталықтарында немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тіркелгендер қатарындағы жұмыссыздар үшін жүзеге асырылады.
Қатысу ұзақтығы 1 ай мен 6 ай аралығы.
Оқу аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу өткізіледі. Сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) пайыздан астам дұрыс жауап алған білім алушыға платформада курстың атауы және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтау туралы электрондық сертификат беріледі.