Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу қалай жүзеге асады?

    ulytau-karazhal

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу қалай жүзеге асады?

    Жауап

    Жауап: Көрсетілетін қызмет 2 -этаптан тұрады.

    • Қағаз түрінде.
    • Ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

    Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

    Қызмет көрсету нәтижесі:Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?

    Жауап

    Сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйді тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөліміне қажетті құжаттарды ұсынып, жекешелендірілуі мүмкін.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    13. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалай кезекке тұруға болады?

    Жауап

    Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының порталындағы жеке кабинетке кіріп, өтінім беру қажет. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап соңғы 5 жылда тұрғын үйі жоқ немесе ол апатты деп танылған барлық кәмелетке толған қазақстандықтар тұрғын үй жылжымайтын мүлігін алуға кезекке тұра алады.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасы мен жол-құрылыс машиналарын тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Жауап: Құжаттар тізімі: - Жеке тұлғалар үшін/заңды тұлғалар үшін өтініш. - Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін). - Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат. - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат. - Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат. Автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттар: - азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; - сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; - кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме. Автокөлікті бастапқы тіркеу жағдайында: - өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі; - сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешімдеріне сәйкес). - Заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі).

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қандай субсидиялар қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шеңберінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, тыңайтқыштар мен тұқымдардың құнын арзандатуға субсидиялар, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар көзделген. Нақты шарттар қолданыстағы субсидиялау ережелеріне байланысты.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі " ММ ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін алуға жәрдем көрсете ме?

    Жауап

    Жауап: Жер учаскелерін беру мәселелері "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсетеді және тиісті бағдарламаларға қатысу тәртібін түсіндіреді.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Бизнес үшін мемлекеттік грантқа кім ие бола алады?

    Жауап

    Жауап: Негізгі бағдарламалар бастаушы кәсіпкерлерге бағытталған (ЖК 3 жылдан аспайтын мерзімде тіркелген). Жастар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне ерекше жағдайлар мен артықшылықтар беріледі.

    ulytau-karazhal·
    Сұрақ

    Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары бар?

    Жауап

    Жауап: Қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру, қарыздарға кепілдік беру, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқыту түрінде қолдау шаралары көзделген.

    ulytau-karazhal·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.