Туристік сала субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында 2021 жылдың 30 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Аталмыш Заңда жергілікті атқарушы органдар арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлерге 4 мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау
Автокөлік жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге көлеміндегі қолдау.
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
Жаңадан салынған жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау.
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
Туристік операторларға, туристік агенттіктерге және гидтерге сыйымдылығы 8 орыннан асатын автомобиль көлік құралдарының жалпы құнының 25 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау.
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
Жаңадан салынған туристік қызмет нысандарының (табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету нысандары және саяхат кезінде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де нысандар) жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау