Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?

    kyzylorda-syrdarya

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?

    Жауап

    Орталықтар мыналарды жүзеге асырады:

    1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;

    2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

    3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

    4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;

    5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

    6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

    7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

    8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

    9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «e-Otinish»ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың, мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады.

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Газдың иісін сезсеңіз не істеу керек?

    Жауап

    Егер пәтерде, кіреберісте немесе үй маңында газдың иісін сезсеңіз — бұл өте қауіпті жағдай, және шұғыл әрі дұрыс әрекет ету қажет. Алғашқы әрекеттер: 1.Электр жарығын және электр құралдарын қоспаңыз. 2.Тіпті аздаған ұшқынның өзі жарылысқа себеп болуы мүмкін. 3.От жақпаңыз — темекі шекпеңіз, сіріңке, оттық, газ плитасын қолданбаңыз. 4.Бөлмені желдетіңіз — терезе мен есіктерді ашыңыз. 5.Газдың иісі сезілген пәтерден немесе кіреберістен адамдарды шығарыңыз. 6.104 нөміріне қоңырау шалыңыз — бұл апаттық газ қызметі. 7. Мекенжайыңызды, қабатты, газ иісі сезілген орынды нақты айтып, мамандар келгенге дейін үй-жайға қайта кірмеңіз. Маңызды: Егер табиғи газбен жабдықталған үйде газдың шығуы орын алса, Шкафтық газ реттеу пункті (ШГРП) автоматты түрде іске қосылып, қауіпсіздік мақсатында газ беруді тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғындар газдың келмей қалғанын байқайды — бұл да дереу 104 нөміріне хабарлауға себеп болады.

    kyzylorda-syrdarya·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.