Smart City-дің ең үлкен тәуекелі қандай?
Smart City-дің ең үлкен тәуекелдерінің бірі — киберқауіпсіздік, себебі барлық жүйелер цифрлық болғандықтан, олар хакерлік шабуылдарға осал болуы мүмкін.
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы
Мемлекеттік орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанбаған жағдайда қайда шағымдануға болады және шағымдану тәртібі қандай?
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде орталық атқарушы орган «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Smart City-дің ең үлкен тәуекелі қандай?
Smart City-дің ең үлкен тәуекелдерінің бірі — киберқауіпсіздік, себебі барлық жүйелер цифрлық болғандықтан, олар хакерлік шабуылдарға осал болуы мүмкін.
Автоматтандыру артса, адамның рөлі қандай болады?
Жүйелер толық автоматтандырылған жағдайда да адамның рөлі сақталады, өйткені адам стратегиялық шешімдер қабылдап, жүйелерді бақылап отырады, әсіресе төтенше жағдайларда.
Smart City-де жасанды интеллекттің рөлі қандай?
Smart City-де жасанды интеллект деректерді талдап, болжау жасап, кейбір шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді, сондықтан ол негізгі технологиялардың бірі болып саналады.
Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайтын колл-орталық бар ма?
Тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты өтініштерін қабылдау және жедел әрекет ету мақсатында Қызылорда облысының Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.Азаматтар 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады.
IT саласындағы жобаны қалай ұсынуға болады?
IT саласындағы жобаны ұсыну үшін оның презентациясын [email protected] электрондық поштасына немесе Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,1 мекенжайына пошта арқылы жолдауға болады.
Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?
Интернет жылдамдығының төмендеуі желі жүктемесінің артуы, кибершабуылдар салдарынан магистральдық арналардың жүктелуі және базалық станциялардың жеткіліксіздігі немесе олардың алынуы нәтижесінде қамту аймағының қысқаруымен байланысты.
Байланыс қызметінің сапасына қатысты қайда шағымдануға болады?
Байланыс қызметінің сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің облысаралық байланыс инспекцияларына,сондай-ақ,облыс әкімдіктеріне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді кім белгілейді?
Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары өздерінің экономикалық негізделген шығындарына сәйкес дербес түрде белгілейді.