Smart City-дің ең үлкен тәуекелі қандай?
Smart City-дің ең үлкен тәуекелдерінің бірі — киберқауіпсіздік, себебі барлық жүйелер цифрлық болғандықтан, олар хакерлік шабуылдарға осал болуы мүмкін.
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпаратты қайдан алуға болады?
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» порталынан (eGov.kz), 1414 бірыңғай байланыс орталығынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО/ЦОН), тиісті мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан немесе қызметті беруші мемлекеттік органдарға тікелей жүгіну арқылы алуға болады.
Smart City-дің ең үлкен тәуекелі қандай?
Smart City-дің ең үлкен тәуекелдерінің бірі — киберқауіпсіздік, себебі барлық жүйелер цифрлық болғандықтан, олар хакерлік шабуылдарға осал болуы мүмкін.
Автоматтандыру артса, адамның рөлі қандай болады?
Жүйелер толық автоматтандырылған жағдайда да адамның рөлі сақталады, өйткені адам стратегиялық шешімдер қабылдап, жүйелерді бақылап отырады, әсіресе төтенше жағдайларда.
Smart City-де жасанды интеллекттің рөлі қандай?
Smart City-де жасанды интеллект деректерді талдап, болжау жасап, кейбір шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді, сондықтан ол негізгі технологиялардың бірі болып саналады.
Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайтын колл-орталық бар ма?
Тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты өтініштерін қабылдау және жедел әрекет ету мақсатында Қызылорда облысының Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.Азаматтар 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады.
IT саласындағы жобаны қалай ұсынуға болады?
IT саласындағы жобаны ұсыну үшін оның презентациясын [email protected] электрондық поштасына немесе Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,1 мекенжайына пошта арқылы жолдауға болады.
Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?
Интернет жылдамдығының төмендеуі желі жүктемесінің артуы, кибершабуылдар салдарынан магистральдық арналардың жүктелуі және базалық станциялардың жеткіліксіздігі немесе олардың алынуы нәтижесінде қамту аймағының қысқаруымен байланысты.
Байланыс қызметінің сапасына қатысты қайда шағымдануға болады?
Байланыс қызметінің сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің облысаралық байланыс инспекцияларына,сондай-ақ,облыс әкімдіктеріне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді кім белгілейді?
Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары өздерінің экономикалық негізделген шығындарына сәйкес дербес түрде белгілейді.