Некені онлайн қалай тіркеуге болады?
Некені онлайн режимінде порталда тіркеу үшін egov.kz "Отбасы" бөліміне кіруіңіз керек. "Отбасы жағдайы" бөлімінде некені тіркеуге электрондық өтініш беру" қызметін таңдайсыз. "Онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басып, жұбайыңыздың/зайыбыңыздың ЖСН көрсетіп қажет болатын өтінімді толтырып, сіздің некеңізді тіркеген тіркеу бөлімін таңдаңыз. Бұдан әрі 1 АЕК (2020 жылғы 1 қаңтарға 1 АЕК - 2 651ТГ) мөлшерінде төлем жүргізу қажет.), "төлеу" батырмасы бойынша өтіп немесе болашақ жұбайыныңыз үшін төлем жасау қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ-мен немесе SMS-парольмен қол қою керек (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек). Болашақ жұбайы (зайыбы) порталдағы "қызметтерді алу тарихы" бөліміне кіріп, қол қоюды күтетін сұранысты таңдап, содан кейін өтінімді толтырып, оған қол қоюы керек. Естеріңізге сала кетейік, электрондық өтініш беру үшін екі өтініш беруші де бірінші рет некеге тұруы және балалары болмауы қажет. Портал арқылы екінші және одан да көп некені тіркеуге өтініш беру мүмкін емес. Некені тіркеуді тіркеуші орган некеге тұру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін жүргізеді.