Некені онлайн қалай тіркеуге болады?

    almobl-enbekshikazah

    almobl-enbekshikazah·
    Сұрақ

    Некені онлайн қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Некені онлайн режимінде порталда тіркеу үшін egov.kz "Отбасы" бөліміне кіруіңіз керек. "Отбасы жағдайы" бөлімінде некені тіркеуге электрондық өтініш беру" қызметін таңдайсыз. "Онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басып, жұбайыңыздың/зайыбыңыздың ЖСН көрсетіп қажет болатын өтінімді толтырып, сіздің некеңізді тіркеген тіркеу бөлімін таңдаңыз.

    Бұдан әрі 1 АЕК (2020 жылғы 1 қаңтарға 1 АЕК - 2 651ТГ) мөлшерінде төлем жүргізу қажет.), "төлеу" батырмасы бойынша өтіп немесе болашақ жұбайыныңыз үшін төлем жасау қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ-мен немесе SMS-парольмен қол қою керек (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек).

    Болашақ жұбайы (зайыбы) порталдағы "қызметтерді алу тарихы" бөліміне кіріп, қол қоюды күтетін сұранысты таңдап, содан кейін өтінімді толтырып, оған қол қоюы керек.

    Естеріңізге сала кетейік, электрондық өтініш беру үшін екі өтініш беруші де бірінші рет некеге тұруы және балалары болмауы қажет. Портал арқылы екінші және одан да көп некені тіркеуге өтініш беру мүмкін емес. Некені тіркеуді тіркеуші орган некеге тұру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін жүргізеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін бірнеше тәсілмен тексеруге болады: EgovKzBot2. 0 Тelegram-ботының көмегімен. Қызмет бөлімінде "БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат алу"тармағын таңдау қажет. Әрі қарай, сіз ақпарат алғыңыз келетін уақыт кезеңін көрсетіңіз және SMS-тен кодты енгізіңіз. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат бірнеше минуттан кейін поштаға жеткізілетін болады. Телеграм-боттың көмегімен қызметті алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Порталда egov.kz. авторизациядан кейін сіз азаматтар бөліміне өтуіңіз керек ➡ Әлеуметтік қамсыздандыру ➡ зейнетақымен қамсыздандыру ➡ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру. Бұдан әрі өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою және ақпарат алғыңыз келетін уақыт кезеңін таңдау қажет. Дайын Ақпарат жеке кабинетке келіп түседі, онда зейнетақы аударымдары туралы ұсынылған ақпаратпен танысуға болады. Порталдың көмегімен қызметтерді алу үшін egov.kz ЭЦҚ болуы қажет.

    almobl-enbekshikazah·
    Сұрақ

    Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік ұйымнан тұрғын үйге кезегі туралы білгім келеді

    Жауап

    Сәлеметсіз бе! "Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты "Сіздің өтінішіңізді" жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қарап, келесіні хабарлайды: Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға есепте тұрған адамдардың тізімдерін мына сілтеме бойынша қарай аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-enbekshikazah/documents/details/150470?directionId=7731&lang=ru .

    almobl-enbekshikazah·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.