Жалпы адамдарға қандай да бір екпені салатын медициналық ұйымда бұйрықпен эксперттік комиссия құралады, адам денсаулығына кері әсері болып жатса сол комиссия мүшелері сараптап қорытынды береді. Бірақ вакцина адам ағзасына енгізілетін бөгде зат болғандықтан (ішетін тамақ, сырқаттанып қалғанда ішетін дәрі, тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар т.б.сияқты) оған міндетті түрде адам ағзасы жауап береді. Ол ағзаның жауабы әртүрлі болады: күтілетін ол қысқа уақытта көрініс беретін дененің қызуы көтерілуі, бей-жайлық, екпе салған жердің аздап қызарып ісінуі сияқты, ол ем-домсыз 2-3 күннің ішінде қайтатын жағдай. Екінші жағдай ағзадан күтпеген әсердің болуы ол аллергиялық әсер, оның ішінде анафилактикалық шок болуы. Ол анафилактикалық шоктың болуын ешкім қандай да бір заттан болу- болмауын алдын ала білмейді, тура осы адам тура осы вакцинаға немесе осы дәріге, осы тағамға аллергиялық әсері болуы мүмкін, ол 1 млн. адамның ішінде бір адамда болуы мүмкін. Бірақ медицина қызметкерлері ол жағдайда көмек көрсете алады, әр бір екпе жасайтын кабинетте арнайы шокқа қарсы дәрі –дәрмектер бар, сол үшін адамдар екпе алғаннан кейін сол жерде 30 минут уақыт бақылауда болу керек. Вакцинаның адам ағзасына кері әсері адамның басқа бір сырқатымен қатар келіп қалудан да болуы мүмкін. Қорытындылап айтқанда қандай да бір күтпеген кері әсері болып жатса эксперттік комиссия сараптайды, сол комиссияның қорытындысына қарай медицина қызметкерінің қателігі болып жатса жауакершілікке тартылады. Жалпы айта кететін бір жағдай ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Демек ағзасына екпе салдыруға, дәрі дәрмек жасауға, операция жасауға, қан құюға сияқты т.б. жағдайда ақпараттандырылған келісім беру керек немесе бас тартуға құқы бар. Келісім берілді деген жауапкершілікті медицина қызметкерінен алып тастау емес екенін атап өткім келеді.