Тұрғылықты жері бойынша емханадағы дәрігерлердің кеңес беру комиссиясының қорытындысы негізінде аумақтық орган «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне» медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (ВТЭК) әзірленген оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.

Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).
Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.