Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

    kyzylorda-energy

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй кезегіне тұру үшін orken.otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Азамат пен оның отбасы соңғы 5 жылда тұрғын үйге ие болмауы тиіс және кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуі болуы керек.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылу есептегіш құралдарды (счетчик) тексеру мерзімі қалай анықталады?

    Жауап

    Жылу есептегіш құралдарды тексеру мерзімі оның төлқұжатында (паспортында) көрсетілген өндіруші зауыттың техникалық сипаттамасына және мемлекеттік стандарттарға сәйкес анықталады. Жылу есептегіштерді тексеру аралығы 4-тен 5 жылға дейін құрайды.Есептегіш орнатылған сәттен бастап немесе алғашқы зауыттық тексеруден өткен күннен бастап есептеледі. Тексеруден өткен соң оның деректері келесі тексеру аралығына дейін жарамды болып саналады.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлеріндегі кейбір бөлмелердің дұрыс жылынбауы не себепті және кім жауапты?

    Жауап

    Жылу энергиясын беру параметрлері жылумен жабдықтау ұйымы тарапынан сыртқы ауа температурасының көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген температуралық кесте негізінде реттеліп, тұтынушыларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің ішкі жылу желілерінің техникалық жай-күйіне, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және пәтерлерге жылудың біркелкі таралуына қатысты мәселелер көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару органы (пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі, басқарушы компания немесе өзге де басқару нысаны) мен тұрғындардың бірлескен іс-қимылы арқылы шешілуі тиіс. Осыған байланысты тұрғындарға ішкі жылу жүйелерінің жарамдылығын, радиаторлар мен құбырлардың техникалық жағдайын, сондай-ақ жылу жүйесіндегі ауа жиналу, бітелу немесе реттеу құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуі сияқты факторларды тұрақты бақылауда ұстау ұсынылады. Бұдан бөлек, тұрғын үй-жайларда жылу энергиясының тиімді сақталуы үшін пәтердің есік, терезе және балкон жақтауларының саңылауларынан сырттан кіретін салқын ауаның алдын алу шараларын қабылдау қажет. Атап айтқанда, есік пен терезе тығыздағыштарының жарамдылығын қамтамасыз ету, саңылауларды бітеу, терезелердің дұрыс жабылуын қадағалау және жылу шығынын азайтатын қосымша оқшаулау жұмыстарын жүргізу маңызды. Жоғарыда көрсетілген шаралар уақытылы орындалған жағдайда, беріліп отырған жылу энергиясының тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етіліп, тұрғын үй-жайларда қолайлы температуралық режимнің сақталуына мүмкіндік береді.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Ауыз суға төлем мөлшері 30 теңгеден 70 теңгеге не себепті өсті?

    Жауап

    Тұрғындар үшін ауыз су тарифінің 30 теңгеден 70 теңгеге дейін өсуі ұзақ уақыт бойы тарифтің экономикалық тұрғыдан негізделген шығындарды толық өтемеуіне байланысты орын алды. Бұған дейін қолданыста болған тариф сумен жабдықтау қызметін көрсетуге жұмсалатын нақты шығындардың бір бөлігін ғана жабатын. Тарифті қайта қарау барысында электр энергиясы, жанар-жағармай, материалдар мен қосалқы бөлшектер құнының өсуі, қызметкерлердің еңбекақысының артуы, сондай-ақ су құбырлары мен өндірістік нысандарды пайдалану және жөндеу шығындары ескерілді. Тарифтің өсуі сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға, жабдықтарды уақтылы жөндеуге және тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Тұрғындардың газ баллон және табиғи газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары?

    Жауап

    Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау және газ баллон жабдығы мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы профилактикалық іс-шаралар негізінен аулаларды аралау, жиындар мен дәрістер ұйымдастыру, тұрғындарға үнпарақтар тарату, облыс аумағындағы адамдар көп шоғырланған орындарда орналасқан LED экрандар арқылы арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау арқылы жүзеге асырылуда.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы аумағындағы саяжайлардың («Еңбек», «Эдельвейс», «Орбита» және «Сабалақ») тұрғындары тарапынан газдандыру және инфрақұрылымды дамытумен байланысты мәселелер жиі көтерілуде?

    Жауап

    Қазіргі таңда, Сабалақ елді мекені толықтай табиғи газға қосылды. «Эдельвейс, Орбита, Еңбек, Мелиоратор» саяжайлары бойынша жоба - сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған кейін, қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Электр энергиясы үшін төлемді қалай жүргізеді?

    Жауап

    Қазіргі таңда Қызылорда облысында төлемдерді қабылдау «АЛСЕКО» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылар төлемді ALSЕCO мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінен ALSECO жүйесін таңдау арқылы төлей алады.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Жаз мезгілінде ауыз судың қысымы төмендеп кетіп жатыр. Оның себебі неде?

    Жауап

    Жаз мезгілінде ауыз суға деген сұраныс айтарлықтай артады. Кейбір тұрғындар орталықтандырылған ауыз су жүйесіндегі суды бау-бақша, көгал, ағаш суару және өзге де шаруашылық мақсаттарға пайдаланады. Нәтижесінде су тұтыну көлемі күрт өсіп, әсіресе кешкі уақытта және желінің соңғы нүктелерінде су қысымының төмендеуі байқалады. Ауыз су жүйелері ең алдымен халықты тұрмыстық және ауыз су қажеттілігімен қамтамасыз етуге арналғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты тұрғындарды ауыз суды ұқыпты әрі мақсатты пайдалануға, суару жұмыстарын мүмкіндігінше техникалық сумен жүзеге асыруға шақырамыз. Сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелер тарапынан тұрақты бақылау жүргізіліп, ауыз суды тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

    kyzylorda-energy·
    Сұрақ

    Тұтынушы электр энергиясын есепке алу құралын қай уақытта тексеру қажет?

    Жауап

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электр есептегіштері заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес мерзімді түрде тексеруден өткізіледі.Егер тұтынушы немесе электрмен жабдықтаушы ұйым есептегіштің дұрыс жұмыс істеуіне күмәнданса, олардың өтініші бойынша кез келген уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде есептегіштің дұрыс жұмыс істейтіні расталса, тексеруге, есептегішті шешіп алуға және қайта орнатуға кеткен шығындарды тексеруді талап еткен тарап төлейді.

    kyzylorda-energy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.