Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. 222 ауылдық елді мекеннің 207-і немесе халық санымен алғанда 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 15 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.Жол картасы аясында 4 елді мекенді топтық су құбырына қосу, 11 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланған.Жоспарға сәйкес 11 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті құжаттар ұсынылды.Қалған 4 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту жобалары республикалық бюджеттен және арнаулы мемлекеттік қордан қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуда (Арал ауданы-Ерімбетжаға, Тастүбек, Абай, Тоқабай). 2025 жылы 2 елді мекенге су тұщытқыш қондырғысы (КБМ) орнатылып (Қазалы ауданы Бірлік, Шиелі ауданы Лесхоз), 4 елді мекенде ішкі су жүйелерінің құрылыс жүргізіліп (Қазал ауданы - Шәкен, Шилі, Шитүбек, Сарбұлақ), 1 елді мекен топтық су құбырына қосылды (Арал ауданы - Ақбасты).Нәтижесінде, ағымдағы жылы 81,1 шақырым су құбыры салынып, Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы толық орындалатын болады.