Тапсырыс берушілердің конкурс құжаттамасындағы негізсіз талаптар бойынша әлеуетті өнім берушілердің камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берген шағымдары қаралуға жата ма?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 17 тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша: 1) бірінші бағыт: конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін; егер конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған кезде, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, ішкі мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына жоғарыда көрсетілген мерзімдерде бірінші және екінші бағыттар бойынша камералдық бақылау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 591 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде қарауға жататын шағымның дәлелдері осы тарауда және Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды.. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, камералдық бақылау шеңберінде қаралуға жататын, алайда камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берілген өтініштер қаралуға жатпайды.