Қазақстан Республикасындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) азаматтарға бірқатар медициналық қызметтерді, оның ішінде стационарлық емдеуді тегін алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Стационарлық медициналық көмек:
Жедел медициналық көмек көрсету – шұғыл көрсеткіштер бойынша жедел жағдайларда.
Жоспарлы госпитализация – алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) мамандарының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша әлеуметтік маңызы бар ауруларды, жұқпалы ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы ауруларды емдеу үшін.
Стационарды алмастыратын медициналық көмек (күндізгі стационар):
АМСК мамандарының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін ауруларды емдеу мақсатында күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсету.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту:
Аурулардан немесе медициналық араласулардан кейінгі кезеңде пациенттерге қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерін көрсету.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім:
Айықпас ауруларға шалдыққан, симптомдарын жеңілдетуді және өмір сапасын жақсартуды қажет ететін пациенттерге паллиативтік көмек көрсету және мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету.