Қандай жағдайларда арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылады?
Рұқсат мынадай жағдайларда тоқтатылуға жатады: 1) су пайдаланушының арнайы су пайдалану құқығынан бас тартуы; 2) арнайы су пайдалану мерзімінің өтуі және (немесе) жер асты сулары қорларын бекіту мерзімінің өтуі; 3) су пайдаланушы жеке тұлғаның қайтыс болуы; 4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 5) су объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізу; 6) су объектілерінің табиғи немесе жасанды жойылуы; 7) рұқсаттан айыру (кері қайтарып алу).