Қандай жағдайларда арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылады?

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылады?

    Жауап

    Рұқсат мынадай жағдайларда тоқтатылуға жатады:

    1) су пайдаланушының арнайы су пайдалану құқығынан бас тартуы;

    2) арнайы су пайдалану мерзімінің өтуі және (немесе) жер асты сулары қорларын бекіту мерзімінің өтуі;

    3) су пайдаланушы жеке тұлғаның қайтыс болуы;

    4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;

    5) су объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізу;

    6) су объектілерінің табиғи немесе жасанды жойылуы;

    7) рұқсаттан айыру (кері қайтарып алу).

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.