1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет:
«Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру.
Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе «Менің өтініштерім»-ді таңдау және кіру қажет.
Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» немесе «Бас тартылды».
Сондай-ақ, атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізуге өтініш беру бойынша бейненұсқаулықпен мына сайтта танысуға болады www.gov.kz → Атом энергиясы жөніндегі агенттік → Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Баспасөз орталығы → Медиагалерея → Атом энергиясын пайдалану саласында сертификатты алуға өтініш беру жөніндегі нұсқаулық.