«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» РММ

    Комитет туралы

    "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Бас тартудың мүмкін себептері қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады: Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігі негіз бола алады.

    Сұрақ

    Көліктік қаптама жинақтарының конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен оларға берілген сертификат-рұқсаттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуын тарату қызметін көрсету мерзімдері қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 (жиырма) жұмыс күні.

    Сұрақ

    Аттестаттаудан өту үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі: физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы; инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы; жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт; көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар; егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы; егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы; көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы; көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне; 3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек: тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді; көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді; тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет; 4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін: осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;; басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі; көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады. Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет: «Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру. Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе «Менің өтініштерім»-ді таңдау және кіру қажет. Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» немесе «Бас тартылды». Сондай-ақ, атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізуге өтініш беру бойынша бейненұсқаулықпен мына сайтта танысуға болады www.gov.kz → Атом энергиясы жөніндегі агенттік → Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Баспасөз орталығы → Медиагалерея → Атом энергиясын пайдалану саласында сертификатты алуға өтініш беру жөніндегі нұсқаулық.

    Сұрақ

    Қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарын қабылдау және нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Көліктік қаптама жинақтарының конструкцияларын бекітуге, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен оларға берілген сертификат-рұқсаттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуын тарату қызметін алуға кімнің құқығы бар?

    Жауап

    Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар

    Сұрақ

    Қосымша түсініктеме алу үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қосымша түсініктеме алу үшін www.gov.kz → Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі → Атом қадағалау және бақылау комитетінің сайтында көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.