Егер нормативтік құжаттармен реттелетін рұқсат беру нарядтарының нысандары әртүрлі болса, қауіпті өндірістік объектілерде қауіптілігі жоғары жұмыстарды ресімдеу қандай нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады?

    lspm

    lspm·
    Сұрақ

    Егер нормативтік құжаттармен реттелетін рұқсат беру нарядтарының нысандары әртүрлі болса, қауіпті өндірістік объектілерде қауіптілігі жоғары жұмыстарды ресімдеу қандай нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады?

    Жауап

    Жоғары қауіпсіздік талаптары қойылатын жұмыстарды жүргізу наряд - рұқсаты бойынша орындалады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд - рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидалары бекітілді (бұдан әрі - Қағидалар).

    Қағидалар қызметтердің барлық салалары үшін жоғары қауіптілікпен байланысты жұмыстарға наряд - рұқсаттарын ресімдеуге және қолдануға қойылатын үлгілік талаптарды айқындайды.

    Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысымен бекітілген Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларының 4-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер қызмет салаларының (салалық қағидат бойынша) және жекелеген жұмыстардың ерекшелігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд - рұқсаттарын беруді ресімдеу және қолдану тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.

    Мысалы, бүгінгі күні қара және түсті металдар балқымаларын өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 346 бұйрығымен бекітілген Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында көзделген қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға наряд - рұқсат қолданылады.

    Электр шаруашылығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында көзделген электр қондырғыларындағы жұмыстар үшін наряд - рұқсат қолданылады.

    Баяндалғанды ескере отырып, тау-кен, металлургия, энергетика, машина жасау және мұнай-газ салаларының объектілерінде жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде бекітілген наряд - рұқсатты ресімдеу мен қолданудың салалық қағидаларын қолдануға болады деп санаймыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.

    lspm·
    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 81 бабының 5-тармағына сәйкес бір жарым жасқа толмаған екі және одан көп балаға күтім жасалған жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

    lspm·
    Сұрақ

    Біз отбасымызбен Оралдан Алматы қаласына көштік, менің анам Оралда зейнетақы алып тұрды, тұрғылықты жері өзгерген кезде не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған зейнетақы алушылар зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Осыған орай, Сіздің анаңыз Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінуі керек.

    lspm·
    Сұрақ

    Менің асырауымда 2 балам бар, біздің асыраушымыз 2025 жылы 12 ақпанда қайтыс болды, жақында жәрдемақы төленетінін білдім, жәрдемақыны қай уақыттан алуға құқығым бар және жәрдемақыны алу үшін қайда баруым керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 234 бабының 8-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін тағайындалады.

    lspm·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде әскери қызмет кезеңдері еңбек өтіліне кіре ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде әскери қызмет есепке алынады. Әскери билет, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы немесе ҚР ҚМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер әскери қызмет кезеңдерін растайтын құжат болып табылады.

    lspm·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде институт/училищедегі оқу кезеңдері еңбек өтіліне кіре ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу есепке алынады. Бiлiмi туралы құжат немесе оқу орнының анықтамасы оқу кезеңдерін растайтын құжат болып табылады.

    lspm·
    Сұрақ

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қандай санаттағы азаматтардың құқығы бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 212 бабына сәйкес әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

    lspm·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі; 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері; 3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады. Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі) . Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 70% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды. Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады.

    lspm·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.