Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады?
Қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: қызмет көрсетушінің кеңсесі; «электрондық үкіметтің» веб-порталы kz(бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (ақысыз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы қызмет көрсетушінің шешімі және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (ақысыз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі: Қызмет көрсетушіге: «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға арналған өтініш; сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша ақылы (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған акт не жер-кадастрлық жоспар); жасалған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (ақысыз) жер пайдалану (жалдау) шартының көшірмесі. Порталға: қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға арналған өтініш; сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесін уақытша ақылы (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған акт не жер-кадастрлық жоспар); жасалған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (ақысыз) жер пайдалану (жалдау) шартының электрондық көшірмесі. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер: 1.қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2.қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 37-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.