Аудан жастарының жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, жастарды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінде жастарды жұмыспен қамту үшін «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты», қоғамдық жұмыстар сияқты бағдарламалар жұмыс істейді. Бұл жобалар арқылы жас мамандар тәжірибе жинап, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, жұмыссыз жастарды қайтадаярлау және қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бұл курстар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектеседі. 2025жылы мыңдаған жас кәсіптік оқуға жіберілгені айтылды.