Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен байланыс орнату жұмыстары қазіргі таңда біршама тиімді жүргізілуде. Себебі әлеуметтік желілер халықпен жедел әрі ашық байланыс жасауға мүмкіндік береді. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар Instagram, Facebook, Telegram жәнеWhatsApp желілері арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдайды.
Мысалы, кейбір әкімдіктер әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың мәселелерін онлайн түрде талқылайды. Бұлхалық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ақпараттың тез таралуына ықпал етеді.