Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті бақылау және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан арнайы рейдтік топ құрылып, күнделікті жұмыс жүргізілуде.
Аптаның сенбі, жексенбі күндері күшейтілген режимде жұмыстар жасалуда. Рейдтік топ құрамына аудандық полиция қызметкерлері, білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, маслихат депутаттары және ата-аналар қамтылған.
Рейдтік іс-шаралар барлық кенттер мен ауылдық округтерде қатар жүргізіліп, парктер мен ойын алаңдарында, кафе мен ресторандар, бильярд пен компьютерлік клубтарда түнгі уақытта көп жиналатын жерлерде жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.