Біліктілікке қойылатын талаптар: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл:
- немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) немесе Азия-Тынық мұхиты ойындарында 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында (жазғы, қысқы) 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) құрама командасына үш спортшы даярлау;
- немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждерге және облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға тапсыру;
- немесе дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы;
- немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.