Облыстық федерация облыстық көлемінде өткізілетін жаппай көкпар жарыстарына рұқсат сұрау қағазын басқармаға екі (2) апта алдын ала жолдау керек және келісім берілген жағдайда федерация қала, аудан әкімдерімен өткізілетін жаппай көкпар кезіндегі қақтығыстардың алдын алып, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарыс ережесі мен жан-жақты келісілген іс-шара жоспарын (федерация мен қала және аудан әкімдері көкпар өтерден екі апта бұрын жарыс ережесін, іс-шара жоспарын полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар бөлімдерін қатыстыра отырып бекіту керек) бекіткен жағдайда жаппай көкпар жарыстарын өткізуге рұқсат беріледі.