Ұлттық мәдениет — халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы. Оның құрамына тіл, дәстүр, әдет-ғұрып, музыка, қолөнер, ұлттық ойындар және тарихи құндылықтар кіреді.
Егер ұлттық мәдениет сақталмаса, халық өзінің тарихи болмысынан айырылуы мүмкін.Қазақ халқының мәдениеті өте бай. Домбыра өнері, жыр-термелер, айтыс, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер халқымыздың ерекшелігін танытады.
Осындай құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу — әр азаматтың міндеті.Қазіргі жаһандану дәуірінде шетел мәдениетінің ықпалы күшейіп келеді. Сондықтан ұлттық мәдениетті сақтау арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру маңызды. Бұл елдің бірлігі мен рухани тәуелсіздігін нығайтады.