2023 жылғы наурыз айынан бастап сауда үстеме құнының мөлшерін мемлекеттік реттеу функциялары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне берілді.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) реттеу мына құжаттармен регламенттеледі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен.
9-бабына сәйкес, ӘМАТ-қа арналған шекті сауда үстемеақысының мөлшері өндірушінің шығару бағасы немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспауы керек (бағаға логистика кіреді). Егер шекті сауда үстемеақысының мөлшері асып кетсе, ішкі сауда субъектісі ҚР ӘҚБтК-ның 204-4 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2023 жылғы наурыз айынан бастап сауда үстемеақысының мөлшерін мемлекеттік реттеу функциялары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (әрі қарай – Сауда департаменті) берілді.
Бағалардың артық мөлшерде өсу фактілері анықталған жағдайда, Сауда департаментіне 8 (7152) 46 81 33 телефоны арқылы хабарласу қажет.