- ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелерін ақысыз түрде алуға болады. Заңда жердің көлемі де белгіленген:
1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) — суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га;
3) бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,12 га.
Жеке қосалқы шаруашылық және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншікке өтеусіз беру жер игерілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерде ақысыз жер учаскелері бір массивте беріледі. Ал, бау-бақшаға арналған жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы негізінде 1 гектардан аспайтын мөлшерде таратылады.