Жауап:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуші туралы» ҚР кодекстің 96-бабына сәйкес, кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қаамтамасыз еті – бұл декларант ережелерді немесе мерзімдерді бұзса да, төлемдер бюджетке түсетін растайтын мемлеекет алдындағы міндетті қорғау шарасы (қаржылық кепілдік).
1.Қамтамасыз ету қашан қажет? Кеден органына қаржалық кепілдіктер Кодексте көзделген қатаң айқындалған жағдайдарда (91, 170, 194, 195, 196, 223, 257 және 387 баптарды қоса алғанда) берілерді. Ең жиі кездесетін жағдайларға мыналар жатады:
- Ел ішіндегі немесе ЕАЭО- дағы кеден бекеттерді арасында шетелдік тауарларды араластыру кезінде ҰБТ-ның кедендік транзиті.
- Тексеру аяқталғанда дейін тауарларды шығару декларант тауарды қоймаған алғсысы келген кезде, бірақ кеденнің мәлімделген құнына немесе тексеруге уақытты қажет ететін құжаттарға қатысты сұрақ болады.
- Кдендік сараптаманың мақсаты егер тауар зертханалық зерттеулер нәтижелерін алғанда дейін шығарылса.
- Уақытша сақталды – тауарларды сақтаудың стандартты қоймалары болып табылмайтын орындарға орналастыру кезінде (иесінің өтініші бойынша).
- Нақты рәсімдерді мысалы, тауарларды кеден қоймасының рәсіміне оларды нақты орналастырмай орналастырған кезде (уәкілетті экономикалық операторларды қоспағанда).
2.Кімнің қамтамасыз етуге құқығы бар? Кодекстің 96 – бабының 3 – тармағына сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі міндетті тек қана орындай алады:
- Декларанттың өзі-тауарлардың мәәлімдейтін және декларация тапсыратын адам.
- Кеден өкілі (брокер) – декларанттың атынан және онын тапсырмасы бойынша әрекет ететін компания.
- Өзге тұлғалар – егер оларға қатысты қамтамасыз ету талап етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға немесе оларға биілік етуге құқығы болса не олар экспедитор болса (кедендік транзит жағдайына).
3.Қамтамасыз етуді қабылдаудың негізі шарттары:
- Кепелдік кеден органына кеден декларациясын бергенге дейін немесе бір мезгілде не операциялар жасағанға дейін беріледі.
- Камтамасыз ету нақты (біржолғы) жеткізілімге де, бас қамтамасыз ету түрінде де еңгізілуі мүмкін (егер СЭҚ қатысушысы белгілі бір уақыт кезіңіне бірнеше кедендік операциялар жасаса).
- Еңгізілген қамтамасыз етуді тіркеуді немесе дәлелді бас тартуды кеден органы «Кеден» ұлттық ингерацияланған платформасы арқылы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүеге асырады (keden.kgd.gov.kz) ЭЦП қолдана отырып.
Естеріңізге сала кетейік, кодекстің 96-бабына сәйкес СЭҚ қатысушысы қамтамасыз етудің бас заңнамалық тәсілінің бірін өз бетінше тандай алады: ақша салу, банк кепілдік, кепілгерік, мүлік кепілі немесе сақтандыру шарты.