Археологиялық жұмыстар Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның 34-бабында және «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығында көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі.
Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.