Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 32-бабына және Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткішінде жөндеу жүргізілген жағдайда жұмыстардың көлемі және құрамы ақаулы актімен айқындалады.
Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар ғылыми-жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия негізінде жүзеге асырады.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бюджет қаражаты, инвестициялар тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспарына енгізілуі тиіс.