Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?
Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды: Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі: Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86500 теңге). - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (108125 теңге); - бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129750 теңге); Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде (64875теңге); - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (77850 теңге); - отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (90825 теңге). Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру. Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастарға және қоныстанушыларға келу аймағындағы тұрақты тұратын елді мекеннен тұрғын үй сатып алу кезде жылжымайтын мүліктін құнын бағалай отырып, алдын ала сатып алу-сату шартын немесе сатып алу-сату шартын ұсынған кезде беріледі.Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1625 АЕК (7 028 125 теңге) аспайтын мөлшерде беріледі.