Шымкент қаласының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Шымкент — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, ол Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі саналады, халық саны жағынан ел агломерациясын құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Қазіргі уақытта Шымкент бес әкімшілік ауданға – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарына бөлінген.

    Шымкент қаласы әкімінің аппараты қала әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, оны ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ "ҚЫС-2020" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

    Шымкентте 25-26 қараша аралығында "Қыс-2020" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталады. Бұл жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарымен азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығуы Жаттығу барысында азаматтық қорғауды қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысында іс-шараларды орындау бойынша Қаз ақстан Республикасы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесі басқару органдарының, күштерінің практикалық іс-қимылдарға әзірлігі тексеріледі. Бірінші кезеңде іс-шаралардың тұтас кешені пысықталады: басқару органдарының басшылық және жеке құрамын хабардар ету, жинау, азаматтық қорғаныс және халықты қорғау жоспарларын нақтылау, хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру. Осы орайда 2020 жылғы 18 ақпанда Наурыз алаңында жедел ден қою жасағының құрамына кіретін азаматтық қорғау командалары мен құралымдарының дайындығы тексерілді. Іс-шара ТЖ департаменті бастығының орынбасары порлковник Ерғали Бахаевтың басшылығымен өтіп, оның барысында аумақтық құтқару және инженерлік командаларының техникасы мен жеке құрамның дайындығы пысықталды. Болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде тіршілікті қамтамасыз ететін жедел ден қою жасақтың командалары мен топтары қаладағы ірі объектілердің негізінде құрылған. Жалпы жасақтың құрамына 150 адам жеке құрам және 35 техника кіреді. Жедел ден қою жасағы Шымкент қаласының аумағында қираған және зақымдалған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділерінің астында қалған зардап шеккендерді іздестіруге, шығаруға, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге және көлікке жеткізуге, сондай-ақ дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде орын алған жағдайлардың салдарларын жоюға арналған.

    25 қараша 2020 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТ: МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ – ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ

    «Мәртебелі поэзия мінберінің» төріне бұл аптада ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы шықты. Жиынға жиналғандар алдымен ақынның шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.«Мәртебелі поэзия мінберінің» төріне бұл аптада ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы шықты. Жиынға жиналғандар алдымен ақынның шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.Жиынға жиналғандар алдымен ақынның шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Ханбибі Есенқарақызына құрметін жеткізген ақын Маржан Есжанова мен Анар Жаппарқұлова жүректен шыққан арнауын арнады. Ал, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысы Мыңбаев Рашид сый-құрмет көрсетіп,, иығына шапан жапты. ОҚМПУ студенттері Ханбибі Есенқарақызының жырларынан әдеби композиция оқыды. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері ақынның сөзіне жазылған танымал «Нүрикамал», «Алтынай» сынды әндерін орындады. Ал, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева Ханбибі Есенқарақызының «Дос іздедім» әнін орындады.

    6 ақпан 2020 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖҰЛДЫЗ ҒҰМЫР

    Биыл қазақтың біртуар ұлы Смағұл Сәдуақасұлының дүниеге келгеніне 120 жыл. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Алаш тұлғасының мерейтойына арналған танымдық кеш өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиын қонақтары алдымен Алаш қайраткеріне арналған "Жұлдыз ғұмыр" деректі фильмін тамашалады. Саясаткерді тереңнен танып білді.Биыл қазақтың біртуар ұлы Смағұл Сәдуақасұлының дүниеге келгеніне 120 жыл. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Алаш тұлғасының мерейтойына арналған танымдық кеш өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиын қонақтары алдымен Алаш қайраткеріне арналған "Жұлдыз ғұмыр" деректі фильмін тамашалады. Саясаткерді тереңнен танып білді.Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиын қонақтары алдымен Алаш қайраткеріне арналған "Жұлдыз ғұмыр" деректі фильмін тамашалады. Саясаткерді тереңнен танып білді. Мұнан соң Смағұл Сәдуақасұлының рухына Құран аяттары бағышталды. Танымдық кеште М.Әуезов атындағы ОҚМУ PHD докторы Бекнұр Ізенбаев Алаш тұлғасының еңбектеріне тоқталды. - Смағұл Сәдуақасұлы 33 жыл ғана өмір сүрді. Қысқа ғұмырында қазақ елінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек етті. Аянбастан тер төкті. Бірақ солақай саясаттың құрбаны болды, - деген Бекнұр Жүсіпұлы Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік болмысын аша түсті. Қонақтар қазақтың біртуар ұлына жылы лебіздерін білдірді. Танымдық кештен соң көпшілік экспозия залымен танысты.

    31 қаңтар 2020 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    "Ата жолы" картасы дегеніміз не?

    Жауап

    "Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат."Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат.

    Сұрақ

    Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?

    Жауап

    Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды: Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі: Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86500 теңге). - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (108125 теңге); - бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129750 теңге); Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде (64875теңге); - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (77850 теңге); - отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (90825 теңге). Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру. Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастарға және қоныстанушыларға келу аймағындағы тұрақты тұратын елді мекеннен тұрғын үй сатып алу кезде жылжымайтын мүліктін құнын бағалай отырып, алдын ала сатып алу-сату шартын немесе сатып алу-сату шартын ұсынған кезде беріледі.Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1625 АЕК (7 028 125 теңге) аспайтын мөлшерде беріледі.

    Сұрақ

    Сыртқы жарнама мен маңдайша мәтіндерін қалай дұрыс жазу және орналастыру керек?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

    Сұрақ

    Қайтарымсыз грант қалай беріледі?

    Жауап

    Қайтарымсыз грант алу үшін мансап орталығына қайырылып, өтінімді беруге болады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде болу керек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Мемлекет жаңа бизнес бастау үшін арнайы гранттар береді. Бұл қаржылай көмек айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 400 есесіне дейін берілуі мүмкін. Грант тек конкурс негізінде тағайындалады. Оны келесі азаматтар ала алады: Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар; Көпбалалы отбасылар (4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, бірге тұратын және арнайы жәрдемақы алатындар); Сондай-ақ, осы отбасылардың балалары күндізгі оқу түрінде оқыса (мектеп, колледж, ЖОО) – оқуын аяқтағанға дейін (бірақ 23 жасқа дейін); Немесе олардың жұбайлары (зайыбы); Асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатындар; Қоныс аударушылар; Қандастар; Еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар; Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және олардың жұбайы (зайыбы). Маңызды: Грант алу үшін өтінім бермей тұрып, сіз: Жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек, немесе жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуіңіз қажет. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда тіркелгеніңізге 3 жылдан аспауы керек.

    Сұрақ

    Қаңғыбас жануарларды аулау бойынша қайда хабарласу қажет

    Жауап

    Жануарлардың шоғырлану орындардың мониторингі және азаматтардың өтінімдері бойынша қала аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды «Ветеринариялық қызмет» МКК (аулау қызметі) жүзеге асырады.Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды (ит-мысық) аулау мәселесі бойынша 45-05-05, 45-05-22 телефонына қоңырау шалып немесе «109» (Ikomek) ахуалдық орталығына өтінім қалдыру мүмкіндігін назарыңызға жеткіземіз.

    Сұрақ

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарлама финалистеріне беріледі. Құжат қабылдау ақпараттық жүйе арқылы электронды форматта өткізіледі.

    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж.) Расулбеков Есенгали Раисбекович - Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкіміне ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж.) Әбдәкімов Әкімжан Анарбайұлы - Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының әкіміне ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж . ) Тұрдықұлова Ақбөпе Ерланқызы - Шымкент қаласының білім басқармасы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысына ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі. Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж.) Расулбеков Есенгали Раисбекович - Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкіміне ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі. Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж.) Әбдәкімов Әкімжан Анарбайұлы - Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының әкіміне ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі

    Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі. Ішкі конкурс (№2 хаттама 17.06.2026 ж . ) Тұрдықұлова Ақбөпе Ерланқызы - Шымкент қаласының білім басқармасы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысына ұсынылды.

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.