Риддер қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ ШҚО Білім басқармасының әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 3 сәуірде «№ 16 орта мектебі» КММ базасында «Өмір үшін математика: оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сенімділігін қалыптастыру» тақырыбында қалалық шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында математиканы оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Олар оқушылардың практикалық дағдыларын, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өмірлік міндеттерді шешу кезінде сенімділігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға және оқуға деген ынтаны арттыруға ықпал ететін тиімді әдістер мен тәсілдермен танысты. Согласно плану методического кабинета ГУ «Отдел образования по городу Риддеру» Управления образования ВКО, 3 апреля 2026 года на базе КГУ «Средняя школа № 16» состоялся городской мастер-класс на тему: «Математика для жизни: формирование функциональной грамотности и уверенности учащихся». В ходе мероприятия были рассмотрены современные подходы к обучению математике, направленные на развитие практических навыков, критического мышления и уверенности учащихся при решении жизненных задач. Участники познакомились с эффективными методами и приёмами, способствующими формированию функциональной грамотности и повышению мотивации к обучению.
2026 жылғы 26 наурызда ШҚО Риддер қаласы бойынша білім бөлімі ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «№1 мектеп-лицейі» КММ базасында математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Цифрлық резонанс: дәл ғылымдардағы адам интеллекті мен жасанды интеллектінің синергиясы» тақырыбында қалалық шебер-сынып өтті. Іс-шараға қала мектептерінің аталған пәндер бойынша педагогтері қатысып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибелік жұмыстар орындап, заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарымен танысты, өзара тәжірибе алмасты. Шебер-сынып барысында мұғалімдер білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, оқыту сапасын арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында құнды ұсыныстар алды.
2026 жылғы 19 ақпанда "№1 мектеп-лицей" базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллектті дене шынықтыру сабақтарына және сыныптан тыс іс-шараларға кіріктіру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында лицей мұғалімдері Куприенко Н.Ф., Григорьев О.Н., Баяндин А.М., Колесников Н.Е. практикалық бағыттағы сабақтарын ұсынып, авторлық әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті және заманауи білім беру технологияларын қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Әсіресе цифрлық құралдарды енгізу, кәсіби шеберлікті арттыру және мұғалімдердің әдістемелік мәдениетін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Барлық қатысушыларға белсенді кәсіби ұстанымы, бастамашылдығы және білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. 19 февраля 2026 года на базе КГУ "Школа-лицей №1" состоялся городской семинар для учителей физической культуры на тему «Интеграция искусственного интеллекта в уроки физической культуры и внеучебные мероприятия». В ходе семинара учителя лицея Куприенко Н.Ф., Григорьев О.Н., Баяндин А.М., Колесников Н.Е. представили практико-ориентированные занятия, поделились авторскими методическими разработками и продемонстрировали эффективные способы применения современных образовательных технологий. Особое внимание было уделено внедрению цифровых инструментов, повышению профессионального мастерства и совершенствованию методической культуры педагогов. Благодарим всех участников за активную профессиональную позицию, инициативность и вклад в развитие системы образования.
2026 жылғы 25 ақпанда білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК базасында қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қолөнерден – өзін-өзі танытуға» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – көркем білім берудің баланың шығармашылық тұлғасын дамытудағы рөлін зерделеу: бастапқы техникалар мен қолөнер дағдыларын меңгеруден жеке стильді, бейнелі ойлауды және өзін-өзі таныту қабілетін қалыптастыруға дейінгі үдерісті талқылау. Бағдарлама аясында мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған баяндамалар ұсынылды: Билялова Б.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – «Қазіргі балаларға өнер не үшін қажет?» Юрова Л.Г. – «Қолөнерден – өзін-өзі танытуға» Полякова Ю.В. – «Балаларды оқытудағы эмоцияның рөлі» Федосова Ю.В. – «Қазіргі балалар және шығармашылық: зейінді қалай ұстап, сабақты жалықтырмай өткізуге болады?» Свирина А.Г. – «Баланың шығармашылық тұлғасын дамытудағы ата-ананың серіктестігі» Семинар барысында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдерді, білім алушыларды ынталандыру тетіктерін, балаларды шығармашылық үдеріске эмоционалдық тұрғыда тарту мәселелерін, сондай-ақ ата-аналармен серіктестік қарым-қатынастың маңызын талқылады. 25 февраля 2026 года согласно плану отдела образования на базе КГКП «Детская художественная школа» состоялся городской семинар для педагогов дополнительного образования на тему «От ремесла к самовыражению». Цель семинара — осмысление роли художественного образования в развитии творческой личности ребёнка: от освоения базовых техник и ремесленных навыков к формированию индивидуального стиля, образного мышления и способности к самовыражению. В рамках программы были представлены содержательные и практико-ориентированные выступления: Билялова Б.К., заместитель директора по учебной части, — «Зачем современным детям искусство» Юрова Л.Г. — «От ремесла к самовыражению» Полякова Ю.В. — «Роль эмоций в обучении детей» Федосова Ю.В. — «Современные дети и творчество: как удержать внимание и не превратить занятие в скуку» Свирина А.Г. — «Родители как партнеры в развитии творческой личности ребенка» В ходе семинара участники обсудили современные педагогические подходы, механизмы мотивации обучающихся, вопросы эмоционального включения детей в творческий процесс, а также значение партнёрского взаимодействия с родителями.
ШҚО Риддер қаласы бойынша білім бөлімі ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 19 қаңтар күні Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ «Оқу сауаттылығы тапсырмаларын сабақта тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Мақсаты: Мұғалімдердің оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды сабақта тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын көрсету. Семинарға қалалық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кәсіби тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!
Согласно Плану работы методического кабинета отдела образования города Риддер 27 февраля 2026 года состоялось заседание Методического совета на тему: «Применение искусственного интеллекта в работе заместителя директора по учебной работе». В работе Методического совета приняли участие заместители директоров по учебно-воспитательной работе всех общеобразовательных школ города. В ходе заседания были рассмотрены актуальные вопросы внедрения инструментов искусственного интеллекта в деятельность организаций образования города. Участники обсудили возможности использования цифровых сервисов для автоматизации управленческих процессов, анализа образовательных результатов, планирования учебной деятельности, а также повышения качества внутришкольного контроля. В рамках обмена опытом был представлен практический кейс заместителя директора по учебной работе КГУ «Средняя школа №2» Бывшевой Е.Ю., отражающий эффективные подходы к применению инструментов искусственного интеллекта в управленческой деятельности. Практическая часть Совета продолжилась мастер-классом, который провели заместитель директора по учебно-воспитательной работе Афанасьева Н.В. и руководитель методического объединения по естественно-математическому циклу Булатова Е.И. В ходе мастер-класса участникам были продемонстрированы конкретные цифровые инструменты и алгоритмы их применения в ежедневной профессиональной деятельности. Проведение Методического совета способствовало повышению профессиональной компетентности управленческих кадров и определению дальнейших направлений внедрения современных цифровых технологий в систему образования города. Риддер қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 ақпанда «Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарының жұмысында жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңес жұмысына қала мектептерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары толық құрамда қатысты. Кеңес барысында қаладағы білім беру ұйымдарының қызметіне жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, басқару үдерістерін автоматтандыру, білім сапасын талдау, оқу үдерісін жоспарлау, ішкі бақылау жұмыстарын жетілдіру бағытында цифрлық сервистерді тиімді пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шара аясында КММ «№2 орта мектеп» оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Бывшева Е.Ю.-ның басқарушылық қызметте жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәжірибесі таратылды. Кеңестің практикалық бөлімі оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Афанасьева Н.В. және жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Булатова Е.И. өткізген шеберлік сабағымен жалғасты. Шеберлік сабағында қатысушыларға күнделікті кәсіби қызметте қолдануға болатын нақты цифрлық құралдар мен оларды пайдалану алгоритмдері таныстырылды. Әдістемелік кеңестің өткізілуі басқарушы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру жүйесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.