«Халық әуені»
ҚҰРМЕТТІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 21-23 мамыр аралығында ұлттық өнер мен мәдени мұраны ұлықтауға бағытталған «Халық әуені» жобасы өз бастауын алады! Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Халық банкі демеушілігімен жүзеге асатын бұл жоба – халқымыздың рухани қазынасын дәріптеп, ұлттық өнердің асыл мұрасын ел өңірлеріне кеңінен насихаттауға арналған ерекше мәдени бастама. Жоба аясында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Salt sound» фольклорлық ансамблі гастрольдік турмен Батыс Қазақстан облысына келеді 21 мамыр | 18:00 Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы Аудандық мәдениет үйі 22 мамыр | 16:00 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Тасқала аудандық мәдениет үйі 23 мамыр | 16:00 Теректі ауданы, Теректі ауылы Теректі аудандық мәдениет үйі Кеш барысында көрермендер ұлттық фольклор мен заманауи музыканың үйлесімін, мың бұралған бишілердің қойылымдарын, ерекше концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Сонымен қатар, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов өнер көрсетеді. Ұлттық өнердің үні әр жүрекке жетіп, рухани кештің куәсі болуға шақырамыз!



