Управление по делам религий Западно-Казахстанской области

    Общая информация

    Государственное учреждение «Управление по делам религий Западно-Казахстанской области» является государственным органом, осуществляющим реализацию основных направлений государственной политики в сфере обеспечения реализации прав граждан на свободу религиозных убеждений и взаимодействия с религиозными объединениями на территории Западно-Казахстанской области.

    События

    ЗаседаниеЗавершено

    Аналитическая справка о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков

    «Батыс Қазақстан облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлык тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 19 тамыз 2024 жыл Орал қаласы Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма). Сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл» Заңынын 8 бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемкорлыкқа карсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлык тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік кағидаларына сәйкес, 2024 жылғы 12 шілдедегі №28-н/қ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Баскарма басшысының бұйрығы негізінде өткізілді. Талданатын кезең: 26.09.2023 - 16.08.2024 жж. Талдау жүргізу уақыты: 19.07.2024 - 19.08.2024 жж. 1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау Басқарма құрылымы 8 мемлекеттік қызметкерден (басшы - 1, бас маман-есепші - 1, діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі-3, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі – 3) және 3 штаттан тыс техникалық қызметкерден (іс-жүргізуші-1, хатшы-1, көлік жүргізуші-1) тұрады, бос орындар-1 (діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы), теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ. 26.09.2023 - 16.08.2024 жж. аралығында атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер – 1 (Басқарма басшысы, зейнеткерлiкке шығуына байланысты), ауысу тәртібімен Басқарма басшы лауазымына діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарған қызметші тағайындалды (2024 жылғы 24 маусымдағы БҚО әкімінің №156-ө өкімі). Таза ауысушылық 0%-ды құрады. Мемлекеттік кызметкерлердің кызметтік әдеп нормаларын сақталуын бұзған фактілер анықталған жоқ. Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 15-бабы 1 тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде жаңадан қабылданған қызметшілер жоқ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ. Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар,жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ. Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ. Барлық мемлекеттік қызметшілер 2023 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырған. Талданып отырған кезеңде Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ. Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Талдау барысында Басқарма қызметін реттейтін нормативтік-құқық актілер зерделенді. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңың (әрі қарай – Заң) зерттеу нәтижесінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: 1)Заңның қолданыстағы редакциясында пайдаланылатын негiзгі ұғымдарда (1-бап) «миссионер» ұғымының анықтамасы жоқ. Іс жүзінде миссионерлік қызметпен айналысуға құжаттар тапсыратын адам ешқандай діни бірлестіктен діни, уағыздаушылық қызметке уәкілеттік алмаған адам болуы мүмкін; 2)Заңның қолданыстағы редакциясында пайдаланылатын негiзгі ұғымдарда (1-бап) миссионер ретінде тіркеуге өтініш берушілер үшін анықтама жоқ. Заңда келесі ұғымдарды ажырату қажет деп санаймыз: миссионерлік қызметпен айналысуға рұқсат алған адам (миссионер) және миссионерлік қызметпен айналысуға құжаттар тапсыратын адам (миссионерлікке кандидат). Өйткені бұл құқықтық қабілеттілікке қатысты әртүрлі мәртебелер. 3)Заңның қолданыстағы редакциясында (8-бап): «4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады: ˂...˃ 3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты; 4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі». Бұл жерде талапты осылай нақтылау қажет деп санаймыз: «3) шақырушы дiни бiрлестiк берген миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты; 4) шақырушы діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы және жарғысының көшірмесі». 4)Заңның қолданыстағы редакциясында (8-бап): «Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты». Осы тармақтан көрсетілетін қызметті алушы 2 құжатты тапсыруы тиіс екендігі болып шығады: 1) діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын құжат; 2) көрсетілетін қызметті алушының басшының бұйрығы/өкімі бойынша осы шетелдік діни бірлестіктің діни қызметкері болып табылатындығы туралы құжат, бірақ 2) тізімде еш жерде көрсетілмеген. Көрсетілетін қызметті алушы жіберуші діни бірлестіктің діни қызметкері (басшының бұйрығы/өкімі) болып табылатындығы туралы құжатты Тізбеге енгізу қажет деп санаймыз. Іс жүзінде көрсетілетін қызметті алушы жіберуші діни бірлестігіне (оның ішінде шет мемлекеттің) қатысы жоқ кез келген тұлға бола алады. Жоғарыда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжатты және миссионерлiк қызметпен айланысуға шақыру беретін діни бірлестіктердің басшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққандар ретінде айқындайды. Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне миссинерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу талаптарына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс хат жолдансын. Мүдделер қақтығысын реттеу Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы жеке және заңды түлғаларға 4 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»; 2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»; 3) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»; 4) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру». Қызметтерді көрсету барысында артық кұжаттарды талап ету, кызмет нәтижесінің мерзімін бұзу фактілері анықталмады. 5.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау ҚР Акпарат және қоғамдык даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Баскарма «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметін көрсетеді. 26.09.2023 - 16.08.2024 жж. аралығында 8 миссионерлік қызметтен өтініш түсіп, барлығына куәлік берілді. Артық кұжат талап ету, мерзімі бұзушылық орын алмады. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру Басқарманың Ережесіне сәйкес бақылау функциялары жоқ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. Мемлекеттік сатып алу қызметі Басқарманың 2023 жылға бекітілген бюджеті 269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бадарламасы бойынша – 191 011,0 мың теңге, нақтыланғаны 191 729,0 мың теңгені құрады. Орындалуы 191 728,3 мың теңге немесе 100% құрады. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен Басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету үшін қосымша 003 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бадарламасы бойынша – 5 251,0 мың теңге қарастырылды. Орындалуы 5 168,8 мың теңге немесе 98,4% құрады. 82,2 мың теңге - қалдық сома мемлекеттік сатып қорытындысы бойынша пайда болды. 2024 жылға бекітілген бюджет жоспарға сәйкес 198 263,0 мың теңге. Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі. Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2023 жылғы жағдайға сәйкес байланыс қызметі бойынша 113,5 мың теңге сомасында дебиторлық берешек пайда болды. 01.07.2024 жылғы жағдай бойынша дебиторлық берешек толығымен бюджет табысына аударылды. Кредиторлық берешектер жоқ. Мемлекеттік сатып алу қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен 2023 жылы 122 131,6 мың.тенгеге 47 келісім шарт жасалды, оның ішінде: - баға ұсынысы арқылы: 27 келісім шарт 1808,2 мың теңгеге; - өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден: 6 келісім шарт 3116,4 мың теңгеге; - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша: 1 келісім шарт 111 316,0 мың теңгеге; - тікелей қорытынды арқылы бір көзден: 1келісім шарт 400,0 мың теңгеге; - конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып - 3 келісім шарт 571,5 мың.тенгеге; - элетронды магазин арқылы: 7 келісім шарт 3548,7 мың теңгеге; - алдын ала біліктілікті іріктеуі бар конкурс арқылы: 1 келісім шарт 1 370,8 мың теңге. 01.01.-30.08.2024 жыл аралығы бойынша 14 келісім шарт 125 231,1 мың теңге; - баға ұсынысы арқылы: 13 келісім шарт 337,8 мың.тенгеге; - өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден: 5 келісім шарт 3977,9 мың.тенгеге; - ерекше тәртіп арқылы бойынша: 1 келісім шарт 117000,0 мың.тенгеге; - тікелей қорытынды арқылы бір көзден: 3 келісім шарт 533,9 мың.тенгеге; - конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып - 3 келісім шарт 911,5 мың.тенгеге. - ашық конкурс арқылы; 1 келісім шарт 2 470,0 мың теңгеге. Талдау барысында қаржы-шаруашылық қызметте, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. ҚОРЫТЫНДЫ: «Батыс Қазақстан облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінде Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайдарды жою бойынша 1 ұсыныс анықталды. Батыс Қазақстан облысының дін басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 19 тамыз 2024 жыл Орал қаласы Талданатын объект: Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Орталық). Сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл» Заңынын 8 бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемкорлыкқа карсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлык тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік кағидаларына сәйкес, 2024 жылғы 17 шілдедегі №17-н/қ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Орталық басшысының бұйрығы негізінде өткізілді. Талдау жүргізу кезеңі: 26.09.2023 - 16.08.2024 жж. Талдау жүргізу уақыты: 19.07.2024 - 19.08.2024 жж. Орталық 3 бөлімнен тұрады: оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімі, медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімі. 1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау. Орталықтың қызметкерлер саны - 23, оның ішінде 2 бірлік штаттан тыс. Нақты саны -19. Бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес жүргізіледі. Азаматтық қызметші лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қажетті бейін бойынша білімі, кәсіптік даярлық деңгейі, сондай-ақ азаматтық қызметшіге қойылатын БҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі негізгі талаптар болғандықтан, конкурс бойынша еңбек шартын жасасу және бұйрық шығару арқылы тағайындау тәртібімен жүзеге асырылады. 26.09.2023 - 16.08.2024 жж жағдайы бойынша - қызметкердің бастамасы бойынша 8 адам жұмыстан босатылды, 4 бірлік - бос орын, оның ішінде уақытша бос орын саны – 2 бірлік (бала күтіміне байланысты демалысында). Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ. Талдау кезеңінде Орталық қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Орталық қызметін реттейтін нормативтік-құқық актілер зерделенді. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Талдау кезеңінде Орталық қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 3 . Мүдделер қақтығысын реттеу Бос лауазымдарға орналасу, мемлекеттік сатып алуды өткізу және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жақын туыстары (ата-аналары/ата-анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде мүдделер қақтығысының болу деректері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету Орталықта мемлекеттік қызметтер көрсету жүзеге асырылмайды. 5.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Орталықта рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Орталықта бақылау функциялары жүзеге асырылмайды Бюджет және қаржы-қаражатын игеру және бөлу. Мемлекеттік сатып алу қызметі Жалпы 2023 жылға 70 818,0 мың теңге бөлінді , жыл соңына 100 пайыз игерілді. 2023 жылғы 31 желтоқсанға бюджетке міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек 7,9 мың теңгені құрады . 2024 жылдың қаңтарында төленді. 2024 жылға 112 144 мың теңге бөлінді, оның ішінде ағымдағы күнге 80344,2 мың теңге игерілді. Кредиторлық және дебиторлық берешек жоқ. Мемлекеттік сатып алу қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2023 жылғы 26 қыркүйек – 2024 жылғы 16 тамыз аралығында бектіліген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 25799375,19 теңгеге 44 келісім шарт жасалды, оның ішінде: - баға ұсынысы арқылы: 29 келісім шарт 11946216,59 теңге; - второй этап конкурса с использованием рамочного соглашения: 3 келісім шарт 1484199,926 теңге; - өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу – 7 келісім шарт 8894452,92 теңге, электронный магазин 5 келісім шарт 3474506,32 теңге. Талдау барысында қаржы-шаруашылық қызметте, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. ҚОРЫТЫНДЫ: Батыс Қазақстан облысының дін басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайдарды жою бойынша ұсыныстар анықталмады. Жұмыс тобы: Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы А.Мендигазиева Мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Д.Мукателов Бас маман-есепші Н. Насенова БҚО ДІБ «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысының м.у.а. Б.Қ.Адайхан Таныстым: ______________ Басқарма басшысы А.Қаратай

    ЗаседаниеЗавершено

    АНОНС о начале обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков

    Управление по делам религий Западно-Казахстанской области сообщает о начале обсуждения результатов внутренного анализа коррупционных рисков. Все заинтересованные лица могут принять участие в обсуждении результатов результатов внутреннего анализа коррупционных рисков в составе рабочей группы.

    ЗаседаниеЗавершено

    Интервью с PhD докторантом Египетского университета исламской культуры «Нур Мубарак» Сериком Тажибаевым

    На областном телеканале «Aqja'yq» 10 ноября в 20:30 часов в духовно-просветительской телепрограмме «Гибрат» состоится интервью на тему «Ошибки вероисповедания нетрадиционных религиозных течений, прикрывающихся исламом» с PhD докторантом Египетского университета исламской культуры «Нур Мубарак» Сериком Тажибаевым.

    10 нояб. 2020 г.Очно
    ЗаседаниеЗавершено

    Интервью с PhD докторантом Нуржаном Стамбакиевым

    На областном телеканале «Aqja'yq» 27 октября в 20:30 часов в духовно-просветительской телепрограмме «Гибрат» состоится интервью на тему «Формирование мазхабов в исламе» со старшим преподавателем кафедры исламоведения Египетского университета исламской культуры «Нур Мубарак», PhD докторантом Нуржаном Стамбакиевым.

    27 окт. 2020 г.Очно
    ЗаседаниеЗавершено

    Состоится интервью на тему: «Общество и традиция»

    На областном телеканале «Aqja'yq» 13 октября в 20:30 часов в духовно-просветительской телепрограмме «Гибрат» состоится интервью на тему: «Общество и традиция» со специалистом-теологом ресурсного центра по работе с молодежью Чингирлауского района Маратом Губайдуллиным.

    13 окт. 2020 г.Очно
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.