Сельская администрация Акшымырау района Мангистау области Мангистау

    Об акимате

    Задачи государственного учреждения«Аппарат акима села Акшымырау» информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима, а также решение вопросов местного значения.

    События

    ЗаседаниеЗавершено

    Аудан әкімі Ақшымырау ауылына жұмыс сапарымен барды Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов Ақшымырау ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Сапар аясында ең алдымен ауыз су тарату орталығына барған әкім су жинау және тазарту резервуарын, су сораптары орналасқан бөлмелерді және нысан аумағын аралады. Мамандар 2023 жылы республикалық «ҚазСуШардан» аудандық «Дария» мекемесінің балансына берілген нысанға жөндеу қажет екенін айтып, оны қалыпқа келтіру қажеттігін жеткізді. Кейін әкім Ә.Тобаниязұлы атындағы мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. Мектеп басшылығы мен ауыл тұрғындары білім ордасының ескіргенін айтып, жаңа ғимарат салу туралы ұсыныстарын білдірді. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша тиісті сала мамандарымен бірге жан-жақты зерделеу жүргізілетінін айтты. Сапар барысында ауылдық мәдениет үйінде тұрғындарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, онда елді мекен азаматтары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жоғары білімді дәрігердің жетіспеуі, шөп шабу науқанына техника қажеттілігі, жұмыспен қамту және ауылішілік жолдардың жайы сөз болды. Кездесу соңында аудан әкімі көтерілген мәселелердің бірден шешілмейтінін, алайда әрқайсысы кезең-кезеңімен қаралатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді. https://www.facebook.com/share/p/14MJQxcSBrE/ Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.