Аппарат маслихата Макатского района

    О маслихате

    Маслихат (местный представительный орган) - выборный орган, избираемый населением области, города республиканского значения и столицы или района (города областного значения), выражающий волю населения и в соответствии с законодательством Республики Казахстан определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление.

    События

    ЗаседаниеЗавершено

    О выборах депутата Макатского районного маслихата

    В соответствии с подпунктом 9) статьи 14, статьями 45, 46, 112 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан» решением Макатской районной территориальной избирательной комиссии Ниязгалиев Багдат Атаниязович зарегистрирован депутатом Макатского районного маслихата по избирательному округу № 9 вместо выбывшего депутата. Председатель окружной территориальной избирательной комиссии Р. Максотов вручил вновь избранному депутату депутатское удостоверение. Желаем вновь избранному депутату успехов в дальнейшей работе.

    ЗаседаниеЗавершено

    Тәуелсіз еліміздің тарихында 1994 жылдың 7 наурызы айшықты күн болып қалды. Дәл осы күні еліміздегі алғашқы әр деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтті. 30 жыл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, осы жылдар ішінде жергілікті өкілді органдардағы депутаттар корпусы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекеттің буынын бекітіп, бұғанасын қатыруда атқарған еңбегі орасан.

    Халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, мәслихаттар өз өкілеттіктері аясында өңірлердегі өзекті мәселелерді, қиын түйткілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге ықпал етті. Тарих үшін қас-қағым сәт болып есептелетін осынау ширек ғасыр уақыт аралығында өкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан жергілікті өкілдік органдарының депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда өз белсенділігін байқатуда. Әрине, бұл жерде Тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыстарында үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілетті органдардың да қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян. Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 30 жыл толып отыр. Өткен күндердің өлшемімен қарағанда осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес. Сол 30 жылдың 14 жылын тұрғындардың маған жүктеген сенімінің арқасында аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде үш шақырылым аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланып, әріптестеріммен бірге ауызбіршілікпен, түсіністікпен қызмет атқарғанымды мақтаныш етемін. 2003 жылғы үшінші шақырылған жергілікті мәслихаттар сайлауының нәтижесінде бірнеше депутаттыққа кандидаттардың арасынан сайлаушылар сенімін иеленген өмірлік тәжірибелері мол 12 депутат аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Алғашқы шақырылымдарға қарағанда депутаттар құрамы 80 пайызға жаңарды, талай істерді тындырудан тайсалған жоқ. Сол уақытта біздің алдымызда ауданда қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуы, аудандық бюджетті бекіту, аудандық мәслихаттың жоспарына сәйкес ең өзекті, аудан үшін маңызы зор мәселелерді сессияға тиянақты дайындау, нәтижелі өткізу сияқты басты міндеттер тұрды. Аудандық бюджетті бекіту және бекітілген бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сессияда бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізетін тексеру комиссияларының да жұмысы жолға қойылды. Ең маңыздысы депутаттар корпусы республикада тұңғыш рет аудан әкімін сайлауын ұйымшыл өткізіп, тарихи міндеттерін адал атқарды. Атап айтсақ, Әлібек Аманғалиев, Тілекқабыл Қабдолов, Алтай Көбегенов, Бағытжан Боқаев, Жұмағазы Мұқашев, Адайхан Елубаев, Ахмет Ищанов, Мақсот Қилыбаев, Тілекқабыл Құсайынов, Жолдас Демесінов, Жандарбек Ермұқанов өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, елге дұрыс бағыт-бағдар беріп отырды. Бұл, әрине, аудандық мәслихаттың мәртебесінің артуына белгілі дәрежеде ықпал етті. Бұл шақырылымда мәслихат 36 сессия өткізіп, аудан үшін өте маңызды мәселелер қаралды. Ал, 2005 жылы қатты жауған жауынның салдарынан рельстен пойыздың сырғып шығып кету апаты орын алып, төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін бюджеттен тыс жергілікті қор ашу туралы шешім қабылданды. Төртінші шақырылған аудандық мәслихаттың жұмысы 2007 жылдың тамыз айында басталып, мені екінші рет аудандық мәслихаттың хатшысы етіп сайлады. Алдыңғы шақырылымның депутаттары Алтай Көбегенов, Адайхан Елубаев, Ахмет Ищанов, Мақсот Қилыбаев бұл шақырылымға қайта сайланып, оған Дәмен Алтаева, Гүлсара Медыева, Батырбек Ондасынов, Айсұлу Қондыбаева, Қуаныш Паритов, Ізтұрған Тасбаев, Жандарбек Ермұқанов секілді жаңа есімдер қосылып, ауданда жасалған үлкен істерде өз қолтаңбаларын қалдырды. Аудандық мәслихат жұмысының жандануына, депутаттардың сайлаушылар арасындағы беделінің артуына олардың өз сайлаушыларымен жүйелі түрде кездесіп, айтқан ұсыныс талаптарын тиісті жеріне жеткізіп, оның орындалуын қадағалап отыруы көп септігін тигізді. Аудандық мәслихаттың жанынан құрылған тұрақты комиссиялар сайлаушылардың өтініштеріне сай халық шаруашылығының әртүрлі салаларында орын алған кемшіліктерге тексеру жүргізіп, қорытындысын аудандық мәслихаттың сессиясына немесе атқарушы биліктің тиісті органдарына ұсынып отырды. 2012 жылы бесінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы басталды. Бұл кезеңде Дәмен Алтаева, Гүлсара Медыева, Саламат Кекілбаев, Батырбек Ондасынов, Асима Мендалиева, Қанат Алдияров, Талғат Тасқынбаев, Ахмет Ищанов, Қанат Сакупов, Ізтұрған Тасбаев, Жандарбек Ермұқанов депутат болып сайланып, маған кезекті рет мәслихат хатшысы жүгі артылды. Әр шақырылымның, әр кезеңнің өз міндеттері бар, бұрынғыға қарағанда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі өскен, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған, бюджет түсімі молайған кезең еді. Бесінші шақырылым депутаттары сессияларда аудан бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асуы, ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу шараларының атқарылуы туралы, аудан көлемінде ветеринариялық жұмыстардың орындалысы туралы т.б мәселелерді қарап, кемшіліктерді жоюға бағытталған шешімдер қабылдады. Айта кететін маңызды оқиға 2013 жылы 13 наурызда өткен сессияда аудандық мәслихатттың шешімімен Бәйгетөбе ауылы және Бәйгетөбе ауылдық округін құру туралы шешім қабылданды. Ал, 5 сәуірде өткен сессияда депутаттар ауданның кейбір елді мекендерін (Байшонас және Есене) тарату туралы ұсыныс көтерді. Оның алдында 2009 жылы Қошқар, Комсомол, Бекбике ауылдарын тарату туралы шешім қабылданған болатын. Әр кездерде сайланған мәслихат сессиясының күн тәртібіне қойылған әрбір көкейтесті мәселелердің мән-жайымен толық танысып, тұрақты комиссияның отырысы мен сессияда жан-жақты талқылап, дұрыс шешім шығаруға ықпал етіп отырды. Аудандық мәслихаттың көп жылдардан бері аспай, саспай бір деммен жұмыс істеп келе жатқанының басты себебі – оның өз жұмыстарында үнемі Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алып отыруында. Алдағы уақытта да жергілікті мәслихаттардың атқарушы органдармен бірлесе отырып, өздеріне сенім білдірген халықтың мүддесі үшін қызмет етіп, еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім мол. Табылды ЖОЛМАҒАМБЕТОВ III, IV, V шақырылған аудандық мәслихат хатшысы

    ЗаседаниеЗавершено

    Биыл Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толады.

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңына сәйкес өкілді және атқарушы билік органдарының өкілеттіктері бөлінді. Халық кеңестерінің депутаттары «Мәслихаттар – Депутаттар жиналыстары» болып қайта құрылды. 1994 жылдан бастап мәслихаттар өз жұмысын бастады. Аталған уақыттан бері егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі есептеліп келеді. Ел егемендігінің бастауына қысқаша шегініс жасар болсақ, мемлекеттің даму сатысына қарай жергілікті мемлекеттік басқару формасына мәслихаттардың енгені қазақ елінің тарихында айрықша мәнге ие. Қазақстан Республикасы мәслихаттары институты енгізілгенге дейін халық депутаттары жергілікті кеңестері қызмет атқарғаны белгілі. 1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады, осыған сәйкес өкілетті орган «Мәслихат – депутаттар жиналысы» деп аталған. 1994 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті органы – бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат жиналыстарына (1994-1999 ж.ж.) 21 сайлау округтері бойынша сайлау өткізілді. Осы кезеңде біздің аудан үшін ғана емес, бүкіл ел үшін, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде, дамып келе жатқан демократия жағдайында халық таңдаған адамның бейнесі қаланды. Бірінші шақырылым депутаттарының аудандық мәслихат-жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылғы 18 наурызда шақырылды. Газеттің 2024 жылғы 1 наурыз күнгі №9 санында І шақырылған аудандық мәслихат хатшысы Орақ Ерғалиұлы 1994-1999 жылдар аралығындағы мәслихат жұмысы туралы «Мәслихат – жергілікті өкілді орган» мақаласында жазған болатын. Мен де (1999-2003) жылдар аралығындағы ІІ шақырым туралы сыр шертуді жөн көрдім. Бұл шақырылым 12 депутаттан құралып, олар алғашқы сессияда мені Мақат аудандық мәслихаты депутаттар жиналысының хатшылығына сайлады. Атқарушы билікпен бірлесе отырып, халық аманатын орындау, аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, экономикамыздың дамуына тың серпін беруге күш салдық. Өз біліктіліктері мен білімдерін аямай жұмсай отырып, ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Орақ Деңгелбаев, Тілекқабыл Қабдолов, Нұртаза Есмұқанов, Ахметжан Жұмағалиев, Қажымұқан Елемесов, Адайхан Елубаев, Есенжан Төлешқалиев, Болат Берниязов, Жолдас Сембай, Тілекқабыл Құсайынов, Гүлжан Мұқашева секілді депутаттар болды. Олар өздеріне берілген конституциялық құқықтарын орынды пайдаланып, елге адал қызмет етті. О.Деңгелбаев, Қ.Елемесов, А.Елубаев сияқты тәжірибелі, өз ісінің мамандары мәслихат жұмысына серпін беріп, жаңаша өзгеріс еңгізуге көп еңбек сіңірді. Б.Берниязов және Т.Қабдолов өндіріс-әлеуметтік сала жұмысына қозғалыс енгізуге еңбек етсе, А.Елубаев қаржының орындалу мәселесі бойынша аудан қаржыгері И.Мәжікеевтің кіріс-шығысын толық жіліктеп беретін. Одан кейінгі сайланған мәслихат депутаттарына ондай мүмкіншілік көп болмады. Жалпы аудандық мәслихаттың ІІ кезеңі тәуелсіз еліміздің экономикасы дамып, инфляция күш алған кезбен сәйкес келді. Кәсіпорындар біртіндеп жабыла бастады, дүкендердің сөрелері бос, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы кешіктіріліп берілетін. Осы сынды қиыншылықтарға қармастан мәслихат өз ырғағынан жаңылмады. Аудандық мәслихат сессияларында халықтың тұрмысына, экономикаға қатысты көптеген мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Төрт жыл аз мерзім болғанымен, осы уақыт аралығында атқарған шаруа өте ауқымды болды. Аудандық мәслихатқа тексеру комиссиясы штаты берілді. Аудандық тексеру комиссиясының төрағалығына ауданның танымал заңгер-адвокаты Адайхан Елубаевтың келуі жаңа қызметтің өз деңгейінде жұмыс жасап кетуіне ықпал етті. 2000 жылы аудандық мәслихаттың әкімшіліктен дербес есепшотқа бөлінуіне байланысты есепші маманын штат кестесіне енгізу және дербес есепшот ашу туралы маңызды шешім қабылданды. Сол уақытта Доссор кентінде орналасқан аудандық Қазынашылық басқармасы 2001 жылы біздің бастамамызбен аудан орталығы Мақат кентіне көшірілді. Уақыт өте келе экономикамыз да біршама жақсарды, халықтың тұрмысы оңала бастады. 2000 жылы аудандық бюджетке бұрын-соңды болмаған 20 млн. теңге қаржы кірісі түсті. Ол қаражат облыстық әкімдікке қарызға беріліп, бүгінде облыстық әкімдік алдында тұрған Сұлтан Бейбарыс ескерткіші біздің ауданның қаражатына тұрғызылды. Сондай-ақ, тағы бір ауыз толтырып айтатын маңызды мәселе аудандық газеттің ашылуына ықпал жасауымыз болды. Өйткені аудан әкімінің, мәслихаттың қабылдап жатқан шешімдерін халыққа жеткізуде газеттің рөлі маңызды деп білдік. Дегенмен сол кезде ауданның басты баспасөзі «Мұнайшы» газеті жекеменшік газетке айналып, бізге тиімсіз болған еді. Сондықтан да жаңа аудандық газетті ашуға жұмыстанып, ол сәтті жүзеге асты. Оған «Мақат тынысы» деп атау ұсынған да өзім едім. Осылайша газет шығару ісі сәтті жүзеге асып, 2001 жылы маусым айында «Мақат тынысы» газетінің алғашқы нөмірі жарық көріп, оны сессияға депутаттардың алдына қойдық. Біздің шақырылым кезеңінде аудандық ішкі істер бөлімі босаған балабақша ғимаратына орналасқан еді. Аталмыш нысан жөндеуді қажет ететін жағдайда болып, төбесінен су кетіп күйсіз жағдайда тұрды. Аудандық мәслихат депутаттарының хатымен және аудан атынан сайланған депутат, облыстық бюджет комиссиясының төрағасы М.Шырдабаевтың араласуымен облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, төбесі ауыстырылды. Бүгінгі күнге дейін аудандық полиция бөлімі әлі де сол ғимаратта жұмыс жасауда. Аудандық мәслихат өз жұмыстарында аудан әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Әсіресе, депутаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларының орындалуы мен өткен жиналыста айтылған ұсыныс, пікірлердің бірге шешілуі жөнінде ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарып отырды. Әрине, бұған жекелеген депутаттардың белсенділігінің артуымен қатар аудандық мәслихаттың да мәртебесі артып отырды. Сондықтан да аудандық мәслихат әрбір депутаттың өз сайлаушыларымен кездесуін жүйелі түрде жолға қоя білді. Аудандық мәслихат – халықтың қалауын білдіретін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі. Алғашқы жылдарға қарағанда, соңғы заңнамалық өзгерістерге сай мәслихаттардың рөлі біршама күшейтіліп, ел үшін атқарылар мәнді де, маңызды жұмыстар күтілуде. Бұл міндеттерді абыроймен атқару – әрбір депутаттың қасиетті парызы. Түркіменбай НҰРЖІГІТОВ, ІІ шақырылған аудандық мәслихат хатшысы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.