2025 жылдың 15–17 мамыр аралығында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дүйсеналы Бықыбаевтың бастамасымен Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарында қоғамдық мониторинг жүргізілді.
2025 жылдың 15–17 мамыр аралығында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дүйсеналы Бықыбаевтың бастамасымен Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарында қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мониторингтің мақсаты – мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысын бақылау. Аталған іс-шараға облыстық жер қатынастары басқармасының маманы Артаев Нұржан Жарасович ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе қатысып, іс-сапарға шықты. Сапар барысында жер қатынастарына қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.