
🌹🌹🌹Ағымдағы жылдың 4 қарашасында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Жексенбев атындағы МБК базасында «Білім берудегі инновациялық қызмет:ізденістер, перспективалар» тақырыбында аудандық семинар өтті .
💐💐💐Семинар мақсаты: Мектеп басшыларының көшбасшылық және зияткерлік әлеуетін нығайту, тәжірибе алмасу, кәсіби шеберліктерінің өсуіне әдістемелік қолдау көрсету.Мектеп басшылары арасында ынтымақтастық атмосфераны орнату және көшбасшылық басқару әрекеттерін дамыту.Педагогикалық инновациялық идеяларды білім беру мазмұнында жүзеге асыру.
🌷🌷🌷Семинар басында мектеп директоры М.Мухамжарова және Ұялы ауылдық округінің әкімі Е.Ермеккалиев семинарға қатысушыларға қош келдің айтып, семинардың осы мектепте өткізіліп жатқаны ауыл үшін, мектеп үшін үлкен мәртебе екенін тілге тиек етті. Келесі сөз кезегін бөлім басшысы Б.Насимуллин алып, семинардың тақырыбы мен, мақсат-міндеттерін таныстырып, өткелі тұрған семинарға сәттілік тіледі. Секция жұмыстарына бөлінбес бұрын, педагогтер арасында бірлескен, жұмыс жүргізу мақсатында семинарға қатысушылар топқа бөлініп, мектеп тынысымен танысты. Кейін семинар бағдарламасына сай қатысушылар төрт секцияға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша жұмыстанды.Бірінші секция жұмысында дискуссия форматында мектеп директорлары, екінші секция жұмысында коучинг форматында оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, үшінші секцияда тәжірибе алмасу форматында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөліссе, төртінші секция жұмысында бірлестік жетекшілерінің отырысы мастер-класс форматында ұйымдастырылды.
🎆🎆🎆 Пікірсайыс – тек зияткерлік ойын емес, ол сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратын, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Осы технологияны дамыту және дебаттық қозғалыстарды жандандыру мақсатында Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Дебат» клубының жетекшісі А.Бақытжанова дебаттың өткізілу форматымен таныстырып, «Жастар - бір мамандыққа бағытталмауы тиіс» тақырыбында (қарар) көрсетілім ойын ұйымдастырды.Ойынға «Үкімет» және «Оппозиция» топтары қатысты. «Үкімет» тобының мүшелері А.Құсайынов атындағы МБК-нің директоры А.Нургалиев және Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Утарбаева қазіргі жаhандану, өркендеу дәуірінде адамзат бір мамандық иесі емес, бірнеше мамандық иесі болудың артықшылығын дәлелдеп өз кейстерін ұсынса, оған қарсылас «Оппозиция» тобының мүшелері М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің директоры Ф.Мухатов және Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мендигалиев мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалануы керек екенін дәлелдеді.Мамандық таңдауда тек бір ғана бағытты ұстанып, барлық жинақтаған білім мен білік дағдыларын бір арнаға, яғни бір мамандыққа бағытталуы керек деген ұстаныммен жеткізді.Ойын тартымды және қызықты өтті, ойыншылар өз пікірлерін нақты, тұжырымды дәлелдер арқылы көрсете білді.Ойын соңында «Дебат» клубының жетекшісі А.Бақытжанова ойынды талдап, өзінің ұсыныстарын білдірді. Қорытынды бөлімде бөлім басшысы Б.Насимуллин Орал қаласынан келген қонақтарға алғыс айтып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерді марапаттады.Семинарға қатысқан педагогтер алған әсерлерімен, ойымен бөлісіп кері байланыс орнатты. Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын таба бермек.



