БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА
    ВстречаЗавершено

    Кеше, жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жұмыс сапарымен Бөкей ордасы ауданына келді. Басқарма басшысы Айгүл Әділгерейқызы және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Жамбылұлы Хан ордасы ауылында білім беру ұйымдарының басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында басқарма басшысы өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтсақ, жүзеге асырылған бірнеше жобалартуралы, білім сапасын көтерудің жолдарын, оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін, орта білім жетістіктерінің мониторингі қорытындысы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы және жас педагогтарды қолдау, педагог мәртебесі, педагогикалық кәсіби әдеп тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерін сырттай бағалауға, бақылауға негізделген ҰБТ, ББЖМ, PISA бойынша жұмыстарды жүйелеу керек екендігі айтылды. Кездесуде қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

    Похожие материалы

    КонференцияЗавершено

    ⚜️Білім күні қарсаңында Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мерекелік шара өткізілді.

    Шара «БАСҚАРУ,КӘСІБИ ӨСУ, БАЙЛАНЫС,ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы әдістемелік квесттен бастау алды. Әдістемелік квестке мектеп директорлары, бөбекжай,бастауыш мектеп меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымының директорлары,оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бірлестік жетекшілері қатысты. Әдістемелік квест барысында “2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері”, “Білім беру бөлімінің басшысы қандай болуы керек?”, “Біздің бүгінгі қоғам заманауи мектеп басшысынан не күтеді?”’ ”Мектепішілік бақылау және оны ұйымдастыру” тақырыптары кеңінен ашылып, егжей- текжейлі талқыланды. Шараның екінші бөлімі аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімі, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары, жас мамандар және шақырулы қонақтар қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім саласына ұзақ жыл қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен сондай-ақ, білім беру жүйесін дамыту ісіне қосқан үлесі үшін, бір топ ұстаздарды “Құрмет” грамотасымен марапаттап, ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Нарболова Нәйлягүл Камалқызына “Орал өңірінде балалар туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін” төс белгісін тақты. Сондай- ақ, Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Жамбылұлы ауданымыздағы білім беру жүйесіндегі жүзеге асып жатқан барлық шараларға тоқталып, ұстаздар қауымын 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтап,әріптестеріне шығармашылық табыс, ізденімпаз және ынталы оқушылардың көп болуына тілектестігін білдіріп, ауданымыздың білім беру саласындағы жас жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табыстары үшін педагогтерге “Құрмет” грамотасын табыс етті. Шара барысында марапат иелеріне табыстаған сыйлықтарға демеушілік көрсеткен аудандық кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреміз!

    СеминарЗавершено

    «Білім берудегі инновациялық қызмет:ізденістер, перспективалар» тақырыбында аудандық семинар

    🌹🌹🌹Ағымдағы жылдың 4 қарашасында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Жексенбев атындағы МБК базасында «Білім берудегі инновациялық қызмет:ізденістер, перспективалар» тақырыбында аудандық семинар өтті . 💐💐💐Семинар мақсаты: Мектеп басшыларының көшбасшылық және зияткерлік әлеуетін нығайту, тәжірибе алмасу, кәсіби шеберліктерінің өсуіне әдістемелік қолдау көрсету.Мектеп басшылары арасында ынтымақтастық атмосфераны орнату және көшбасшылық басқару әрекеттерін дамыту.Педагогикалық инновациялық идеяларды білім беру мазмұнында жүзеге асыру. 🌷🌷🌷Семинар басында мектеп директоры М.Мухамжарова және Ұялы ауылдық округінің әкімі Е.Ермеккалиев семинарға қатысушыларға қош келдің айтып, семинардың осы мектепте өткізіліп жатқаны ауыл үшін, мектеп үшін үлкен мәртебе екенін тілге тиек етті. Келесі сөз кезегін бөлім басшысы Б.Насимуллин алып, семинардың тақырыбы мен, мақсат-міндеттерін таныстырып, өткелі тұрған семинарға сәттілік тіледі. Секция жұмыстарына бөлінбес бұрын, педагогтер арасында бірлескен, жұмыс жүргізу мақсатында семинарға қатысушылар топқа бөлініп, мектеп тынысымен танысты. Кейін семинар бағдарламасына сай қатысушылар төрт секцияға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша жұмыстанды.Бірінші секция жұмысында дискуссия форматында мектеп директорлары, екінші секция жұмысында коучинг форматында оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, үшінші секцияда тәжірибе алмасу форматында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөліссе, төртінші секция жұмысында бірлестік жетекшілерінің отырысы мастер-класс форматында ұйымдастырылды. 🎆🎆🎆 Пікірсайыс – тек зияткерлік ойын емес, ол сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратын, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Осы технологияны дамыту және дебаттық қозғалыстарды жандандыру мақсатында Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Дебат» клубының жетекшісі А.Бақытжанова дебаттың өткізілу форматымен таныстырып, «Жастар - бір мамандыққа бағытталмауы тиіс» тақырыбында (қарар) көрсетілім ойын ұйымдастырды.Ойынға «Үкімет» және «Оппозиция» топтары қатысты. «Үкімет» тобының мүшелері А.Құсайынов атындағы МБК-нің директоры А.Нургалиев және Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Утарбаева қазіргі жаhандану, өркендеу дәуірінде адамзат бір мамандық иесі емес, бірнеше мамандық иесі болудың артықшылығын дәлелдеп өз кейстерін ұсынса, оған қарсылас «Оппозиция» тобының мүшелері М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің директоры Ф.Мухатов және Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мендигалиев мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалануы керек екенін дәлелдеді.Мамандық таңдауда тек бір ғана бағытты ұстанып, барлық жинақтаған білім мен білік дағдыларын бір арнаға, яғни бір мамандыққа бағытталуы керек деген ұстаныммен жеткізді.Ойын тартымды және қызықты өтті, ойыншылар өз пікірлерін нақты, тұжырымды дәлелдер арқылы көрсете білді.Ойын соңында «Дебат» клубының жетекшісі А.Бақытжанова ойынды талдап, өзінің ұсыныстарын білдірді. Қорытынды бөлімде бөлім басшысы Б.Насимуллин Орал қаласынан келген қонақтарға алғыс айтып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерді марапаттады.Семинарға қатысқан педагогтер алған әсерлерімен, ойымен бөлісіп кері байланыс орнатты. Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын таба бермек.

    НовостиЗавершено

    Мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңі

    Мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңінде 5-6 сынып қыздар арасындағы баскетбол жарысында ауданымыздың намысын қорғаған Мұхамед-Салық Бабажанов ЖОББМ-нің 6 сынып оқушы қыздары жүлделі 2 орынға қол жеткізді. Команда ойыншысы Аманжолова Аружан жарыстың "үздік ойыншысы" атанды. Команданың жаттықтырушысы Джангалиев Алмабек Мендиханұлы . Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!

    1 нояб. 2022 г.Очно
    Батыс Қазақстан облысы Орал қаласыОтдел образования Бокейординского района
    СеминарЗавершено

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ 2022 жылдың 21 қазанында "Ақбота" бөбекжайы базасында Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдары" тақырыбында аудандық семинар - практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Семинарды білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Кадимова ашып берді. Семинар барысында Балаларды Ерте дамыту институты ұсынған материалдар жинағына (Стандарт,Үлгілік оқу жоспары, Үлгілік оқу бағдарлама) түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсынылған материалдар педаготарға жеткізілді.Балалабақша тәрбиешілері тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай бағдарламаларға енгізілген өзгерістерге оң көзқарастарын білдірді. Бағдарламаға сәйкес «Ақпараттандыру», «Тәжірибе алмасу», «Фасилитация алаңдары» бойынша ауқымды тақырыптағы жұмыстар қорғалып, балабақша педагогтері шебер сыныптар көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Қорытынды бөлімде семинарды ұйымдастыруға үлесін қосқан "Ақбота " бөбекжайы ұжымына аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хаты табысталып, шебер сынып көрсеткен педагогтерге сертификаттар берілді. Аталмыш семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге үлкен алғыс айтамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сіздердің қолдауларыңызбен аудандық семинарымыз өз мәресіне жетті.«Бала тәрбиелеу» жолындағы ақ адал еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілейміз.

    27 окт. 2022 г.Очно
    Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылыОтдел образования Бокейординского района
    НовостиЗавершено

    Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланды

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы (09.08.2022 ж. №355 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен) негізінде 2022 жылдың қыркүйек айында ауданның мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында "Үздік педагог" атағын беру конкурсының I кезеңінің байқауын қорытындылау жөнінде комиссия отырысы өтті. Комиссия мүшелері аталған байқауға ұсынылған құжаттармен танысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңіне 8 педагог құжаттарын электронды түрде тапсырды. Байқау ережесіне сай ақпараттық жүйеге салынған «Үздік педагог» конкурсының ережесіне сәйкес бағалау барысында әр қатысушыға 3 сарапшыдан тағайындалып, бағалау нәтижесінде қорытынды балдарын шығарды. Сарапшылардың бағалауының нәтижесінде Ш.Жексенбаев атындағы МББК-нің химия және биология пәнінің мұғалімі М.Мухамжарова (58,33 балл), М.Маметова атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі А.Гумарова (56,67 балл), Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі А.Аксёнова (47,67 балл), М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің химия және биология пәнінің мұғалімі Л.Гумарова (44,33 балл), Қ.Сағырбаев атындағы МБК-нің тарих пәнінің мұғалімі Л.Таева (38,33 балл), Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жумагулова (33 балл), М.Бегалиева атындағы ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі Г.Еспентаева (33 балл), А.Құсайынов атындағы МБК-нің математика пәнінің мұғалімі Ж.Утемисова (24,67 балл) жинады. Ережеге сай, «Үздік педагог» байқауында жоғары балл көрсеткішін көрсеткен Ш.Жексенбаев атындағы МББК-нің химия және биология пәнінің мұғалімі М.Мухамжарова, М.Маметова атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі А.Гумарова, Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі А.Аксёнова, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің химия және биология пәнінің мұғалімі Л.Гумарова, Қ.Сағырбаев атындағы МБК-нің тарих пәнінің мұғалімі Л.Таеваның құжаттарыоблыстық кезеңге жолданды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді. Еске салсақ, "үздік педагог" атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы және төсбелгілер берілетін болады. Ауданымыздың үздік педагогін жетістігімен шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңге жолданған әріптестерге сәттілік тілейміз!

    28 сент. 2022 г.Очно
    Бөкекй ордасы ауданы , Сайқын ауылыОтдел образования Бокейординского района
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.