
Ничего не найдено по выбранным фильтрам.

Ничего не найдено по выбранным фильтрам.
ҚҰРМЕТТІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 21-23 мамыр аралығында ұлттық өнер мен мәдени мұраны ұлықтауға бағытталған «Халық әуені» жобасы өз бастауын алады! Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Халық банкі демеушілігімен жүзеге асатын бұл жоба – халқымыздың рухани қазынасын дәріптеп, ұлттық өнердің асыл мұрасын ел өңірлеріне кеңінен насихаттауға арналған ерекше мәдени бастама. Жоба аясында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Salt sound» фольклорлық ансамблі гастрольдік турмен Батыс Қазақстан облысына келеді 21 мамыр | 18:00 Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы Аудандық мәдениет үйі 22 мамыр | 16:00 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Тасқала аудандық мәдениет үйі 23 мамыр | 16:00 Теректі ауданы, Теректі ауылы Теректі аудандық мәдениет үйі Кеш барысында көрермендер ұлттық фольклор мен заманауи музыканың үйлесімін, мың бұралған бишілердің қойылымдарын, ерекше концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Сонымен қатар, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов өнер көрсетеді. Ұлттық өнердің үні әр жүрекке жетіп, рухани кештің куәсі болуға шақырамыз!
«Балдәурен» – жарқын болашақтың жаршысы. Бұл күні сахнада — арман, талант, шабыт тоғысады. Өнерге қанат қаққан жас таланттардың жарқын сәттеріне куә болып, шабытқа толы кешті бірге сезінуге шақырамыз! 24 сәуір 2026 жыл Сағат 16:00 Кіру тегін Облыстық халық шығармашылығы орталығы Байланыс: 23-60-08
Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Күндер-ай» аймақтық әншілер байқауына шақырамыз! Байқау барысында Қадыр ақынның сөзіне жазылған жүрекке жылы, мағыналы әндер жас таланттардың орындауында шырқалып, көрермендерге рухани ләззат сыйлайды. Өнер мен өлең тоғысқан бұл ерекше кештен қапы қалмаңыз! Баршаңызды өнер мерекесіне шақырамыз! 9 қазан 16.00 Облыстық халық шығармашылығы орталығының концерт залы Гагарин 105/3 Кіру тегін
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне орай өтетін "Ата заң - ел тәуелсіздігінің айнасы" атты мерекелік шараға қатысуға шақырамыз! Өтетін уақыты: 29 тамыз, сағат 11:00 Өтетін орны: Аудандық мәдениет үйі ғимараты
Уважаемые жители района! Аппарат акима района Бәйтерек сообщает, о том что, встреча акима Западно-Казахстанской области Турегалиева Наримана Турегалиевича с населением района Бәйтерек пройдет 25 августа 2025 года в 16.00 в селе Махамбет, в здании сельского клуба. После встречи будет проводиться прием граждан. Вопросы и предложения можете направлить на электронный адрес [email protected].