Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
    ПоздравлениеЗавершено

    20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челлендж өтеді.

    ✔️ Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау.

    🗣️ «Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.

    📌 Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

    Похожие материалы

    АукционЗавершено

    Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды

    Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр. Науқанның негізгі элементі – әр отбасының күнделікті өміріне «Қауіпсіздік минуты» ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат – әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру. Науқан аясында өңірлерде атқарылатын іс-шаралар: Білім беру саласында: Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында сабақтар мен арнайы мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіледі. Тұрғын үй секторында: Үй басқарушыларымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, терезелерге арнайы құлыптар орнату және қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылады. Денсаулық сақтау саласында: Жаңа туған нәрестелерді патронаждық тексеру кезінде медицина қызметкерлері үй ішінде шағын «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға нақты кеңестер береді. Науқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен БАҚ-тың тығыз ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады. Бірлескен күш-жігер ересектердің бала өміріне деген жауапкершілігін арттырып, әр үйде қауіпсіз орта құруға бағытталған. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде балалар қауіпсіздігінің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға және жарақат алу қаупін жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді.

    ОбъявлениеЗавершено

    1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

    Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады. Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі: 1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші; 2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты; 3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана) Шетел азаматтары үшін: Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. 🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.