
«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай 10-18 жас аралығындағы оқушылардың роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында «МТЖО» МКҚК базасында «My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 команда 4 категориядан:
- «Инновациялық роботтар» категориясы: 14-18 жас аралығында;
- «Көкпар» категориясы: 14 – 18 жас аралығында;
- «Арқан тартыс» категориясы: 10 – 13 жас аралығында;
- «Теңге алу» категориясы: 10 – 13 жас аралығында оқушылар бақтарын сынады.
Төрешілердің шешімдері бойынша «Көкпар» категориясынан:
І орын - Ерболат Нұржол, Ануар Назарбек (Ғ.Аблуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Мендешов Мершат Салауатович;
ІІ орын - Нұрлан Шыңғыс, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Утегенов Мырзабек Нурланұлы;
ІІІ орын - Темирхан Айлана, Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Уахитов Исетай Нурланович.
«Арқан тартыс» категориясынан:
І орын - Амангелді Ераман, Нұрлан Шыңғыс (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы;
ІІ орын - Ерболат Нұрәлі, Таңат Санжар (Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Мендешов Мершат Салауатович;
ІІІ орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы.
«Теңге алу» категориясынан:
І орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Рахмушев Мэльс Шайхоллаевич;
«Инновациялық роботтар» категориясынан:
І орын - Амангелді Ераман, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы;
ІІ орын - Жанбулатов Еламан (Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Нұрмұхан Тұрарбек Нұрбекұлы;
ІІІ орын - Темирхан Айлана және Нұрышев Сағындық, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!! Қадамдарына сәттілік тілейміз. Алар асулары биік болсын демекпіз. Облыстық кезеңнен жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз.